Қарауыл ауылдық округі бойынша 2026 жылы бір қатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда «Арғынбеков», «Ауған» саябағына жәнеде Қарауыл ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына, ауыл көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Ақылбай көшесіне жарық тартылса, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау мақсатында ауыл ішіне бейнебақылау камералары орнатылды. Абай ауданына келген туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында жеке инвестиция есебінен «Taukum» қонақ үйінің құрылысы басталды.