Ауылымызда әлеуметтік осал топқа жатқан отбасыларға материалдық, әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі өтіп тұрады.
2026 жылдың шілде айында Қарауыл ауылы бойынша 25 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ арнайы оқу орындарын бітірген жас мамандар «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасуда.
Ауылымыздың тұрғындары тарапынан қайырымдылық акцияларды өткізу шаралары кең көлемде қолға алынып жүр.
Аз қамтылған отбасыларына ауыл азаматтары және кәсіпкерлер тарапынан азық-түліктен көмектер көрсетілді. Ауылдағы дүкендерде әлеуметтік бұрыштар ашылған. Сол арқылы аз қамтылған, көп балалы отбасылар тегін азық-түлік алып отыр.
Сондай-ақ арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырылып, нарықтағы сатылатын бағадан әледе қайда төмен бағада ет өнімдері және тұрақтандыру қорынан көкөністер әкелініп сатылды. Көктемгі тазалық жұмыстарына орай арзан бағада әртүсті бояулар сату мақсатында, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде гүлдер, жеміс ағаштары, қоқыс қораптары сатылды.