Кәсіпкерлік пен мал шаруашылығын дамыту-Қарауыл ауылының экономикасының негізі

Ауылымызда ағымдағы жылы 16 шаруа қожалық және 400 аса жеке кәсіпкерлік тіркелген.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру қағидасына сәйкес 2026 жылы Қарауыл ауылы бойынша 4 ауыл тұрғыны 400 АЕК мөлшерінде грант қаражатын жеңіп алды.

Ауылдың негізгі күн көрісі  малшаруашылығы. Қазіргі уақытта ауылымызда  1293 аула бар  оның ішінде 504 аула  мал шаруашылығымен айналысады . 2026 жылдың 1 шілде мал саны мүйізді ірі қара 11427 бас,   Ұсақ мал - 9036 бас, жылқы малы - 10609 бас бар.

Қарауыл ауылдық  округі бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарға барынша көмек көрсетілуде.

 

Дата публикации
18 августа 2026