
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Ауылымызда ағымдағы жылы 23 шаруа қожалық және 500 аса жеке кәсіпкерлік тіркелген.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру қағидасына сәйкес 2025 жылы Қарауыл ауылы бойынша 2 ауыл тұрғыны 400 АЕК мөлшерінде грант қаражатын жеңіп алды. Өздерінің бизнес идеялары бойынша ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Ауылдың негізгі күн көрісі малшаруашылығы. Қазіргі уақытта ауылымызда 1293 аула бар оның ішінде 501 аула мал шаруашылығымен айналысады . 2025 жылдың 1 шілде мал саны мүйізді ірі қара 9523 бас, оның ішінде шаруа қожалықтарында – 2803 бас, үй шаруашылықтарында – 6720 бас, Ұсақ мал - 6978 бас, шаруа қожалықтарында –1626 бас, үй шаруашылықтарында –5352 бас, жылқы малы - 8937 бас, оның ішінде шаруа қожалықтарында – 3444 бас, үй шаруашылықтарында – 5493 бас бар.
Қарауыл ауылдық округі бойынша төмен пайызбен несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарға барынша көмек көрсетілуде.