
Спорт
Бүгінгі күні ауылымызда спорт саласы қарқынды дамып келе жатыр. Оның басты дәлелі ауыл спортшыларының биік жетістіктері. Атап өтетін болсақ Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі спорттың әр түрінен өткен жарыстарда біздің спортшыларымыздың 28-і 1 орын, 50 –і 2 орын, 55- і 3 орындарды иеленді. Спорттағы ауылымыздың жетістігі деп айтатын тағы бір нәтиже былтырғы жылы ауылдар арасында өткен аудан әкімінің спартакиадасында ауылымыз барлық спорт түрлеріне қатысып, ұпай есебімен бас жүлдені иеленді.
Жерлестерімізді еске алуға арналған бокс, футбол, волейбол, стол тенисі турнирлерінің жиі өтуіауданымыздың спорт саласының дамуына жақсы ықпал етуде.
Мысалы; Қарауыл ауылының тумасы, ҚР спорт қайраткері Азамат Сайнды еске алуға арналған «Шыңғыстаудың Көкжалы» атты бокстан жасөспірімдер арасындағы Республикалық турниріне тұңғыш әлем чемпионы Болат Жүмәділовпен Сидней олимпиядасының алтын медалімен Баркер кубогының иегері болған Бақтияр Артаев арнайы келіп ауыл жастарымен кездесіп, спортшыларға сәттілік тіледі.