Ақылжан Ақиқатұлы Ақылбеков 1981 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын «Бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарын басқару» мамандығы, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімінде взвод командирі қызметінен бастады.
2004–2007 жылдары рота командирі, батальон штабы бастығының көмекшісі, штаб бастығының орынбасары;
2008–2013 жылдары жедел мақсаттағы батальон командирі;
2013–2016 жылдары әскери бөлімнің штаб бастығының орынбасары;
2016–2019 жылдары әскери бөлім штабының бастығы, әскери бөлім командирі;
2019–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Дағдарысқа қарсы оқу орталығының нұсқаушысы;
2023–2024 жылдары Абай облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы.
2024 жылғы 28 тамыздан бастап Абай облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.