1–7 қыркүйек аралығында Медеу ауылында Тазалық аптасы жарияланып, бір апта бойы ауылды абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында кең көлемді жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұл игі іске ауыл тұрғындары көше-көше болып жұмылып, ауызбіршілік пен ынтымақ танытты. Әрбір үйдің ауласы, көшелер мен қоғамдық орындар тазаланып, ауылдың ажары артып жатыр.
Жиналған қоқыстарды дер кезінде шығару үшін арнайы техника тұрақты түрде жұмыс істеп айына бір рет қоқыс тазалауға шығып отыр. Қоқыс арнайы полигонға жеткізіліп, ауылда тазалықтың сақталуына жағдай жасалды.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар біздің ауылымызда жүйелі түрде өткізіліп келеді. Әсіресе мекемелер мен ауыл тұрғындары арасында әр апта сайын тазалық күндері ұйымдастырылып, ұжымдар да белсенділік танытып жүр. Бұл дәстүр ауыл өміріне сіңіп, тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.
Тазалық – ауылдың көркеюінің, ал бірлік – ауылдың берекесінің кепілі.