"Медеу орта мектебі" КММ

«Медеу орта мектебі» КММ Абай ауданы Медеу ауылдық округінде орналасқан.
Оқу мекемесінің тарихы:
Медеу мектебі 1922 жылы Қыдыр тауының бауырында Ақтан бұлағының басында ашылған. Бұл қазіргі Абай облысы, Абай ауданы Медеу ауылы орналасқан жер.
Медеу Оразбайұлы 1922 жылы Семей қаласынаң түйемен қызыл кірпіш тасып мектеп салдырған. 1930 - 1960 жылыдар аралығында мектеп белгісіз себептерге байланысты өз жұмысын тоқтатқан. Кейбір деректерде 1965 жылы Саржал орта мектебіне апарып қосқан.
1976 жылы Абай ауданының Саржал ауылының (бұрынғы Тельмен атындағы совхоз) 4 – фермасының орталығынан Ж.Молдағалиев атындағы совхоз болып бөлінді.
1977 жылы 1 – қыркүйекте Медеу ауылында 8 жылдық «Октябрьдің 60 жылдығы» атындағы мектеп ашылды.
1987 жылдан бастап жаңа мектеп салына бастады, 1989 жылы пайдалануға берілді.
Абай аудандық мәслихат – депуттатары жиналысының 17 – қантар 1995 жылы 1 сайланған IV сессияның Қаулысымен мектептің аты «Медеу орта мектебі» болып өзгертілді.
2017-2018 жылда мектепке толық жөндеу жұмыстары жасалып, ескі ағаш терезелерін пластик терезеге ауыстырылды.
2023 жылдын сәуір айнан бастап Зухра Аблезқызы мектеп директоры қызметің атқарып келеді.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша «Медеу орта мектебі» КММ аудан мекемелері арасында «Үздік ізденімпаз мектеп – 2025» марапатына ие болды.
2020 жылы ақпан айында ауыл азаматы Тұрашев Мереке Серікұлының демеушілігімен «Абайтану» кабинеті ашылды.
2021 жылы ұлы Отан соғысы ардагері, ұлағатты ұстаз Тыныбаев Демесін Закарияұлы атындағы «Алғашқы әскери даярлық» кабинеті ашылды.
2023 жылы мамыр айында «Медеу орта мектебі» КММ Медеу Оразбайұлының мектеп ашқанына 100 толуына құрметіне орай үлкен көлемде аталып өтті. Астана қаласы, Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен республикалық конференция, түрлі спорттық шаралар, Медеу ауылындағы «Оразбай қажы» атындағы мешіт ашылуы, ауылдан шыққан өнерпаздардың мерекелік кеші сынды көптеген шаралар ұйымдастырылды.
Мектептің жұмыс жоспары жасалып бекітілген.
2025-2026 жылында мектептің МАДТ тобынада 5 бала және 34 мектеп оқушы бар.
Мектеп қысқы маусымға толық дайын.

Дата публикации
03 сентября 2025