Медеу ауылдық округі әкімінің халық алдындағы баяндамасы

 Құрметті, Мейіржан Серікбосынұлы!

Құрметті, Медеу ауылдық округінің тұрғындары!

 

2023 жылдың басынан бастап Медеу ауылдық округінде біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам:

  1. Есенғали Әділбаев және Тұрағұл Абайұлы көшесінің жарығы, шағын футбол алаңының жарығы жөндеуден өтіп, істен шыққан жарық шамдары, көше жарығымен қамтамасыз ететін істен шыққан қосалқы бөлшектері ауыстырылды.
  2. Медеу ауылдық округінде тазалық айы өтіп, тұрғындардың жеке аулалары, ауыл көшелері, саябақтар мен мекемелер аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді.

 Күл-қоқыс шығаратын арнайы техникасы бар адамдармен келесіліп, бағасы бір машинасына 6000-7000 теңге көлемінде жалпы ауылдық округ бойынша шамамен 370 тонна күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды. Жастар саябағы мен әкімшілік ғимараты ауласында ағаш отырғызу, гүл егу, ақтау, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар күні кеше Медеу орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы жоғарғы деңгейде атап өтілді.

  1. Медеу орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында кәсіпкер Аяпбергенов Қымбат Тілеуғалиұлының өз қаражаты есебінен ауылымызда Оразбай қажы мешіті бой көтерді.
  2. 1993 жылғы түлектер мерейтойға сыйлық ретінде шамамен 500 мың теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп ауласында орналасқан мәдени іс-шаралар өтетін дала сахнасын күрделі жөндеуден өткізіп берді.
  3. 2003 жылғы түлектер шамамен 550 мың теңге көлеміндегі өз қаражаттары есебінен «Жан жүрегім – Медеу» атты жарық шашып тұратын көше жазуын орнатты.
  4. Мектеп түлектері, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер демеушілігімен өткен мерейтой шеңберінде мектеп түлектері арасында шағын футболдан жарыс, ғылыми конференция, «Оразбайдың Медеуі, елінің болған демеуі» атты мектеп оқушылары арасында ақындар мүшайрасы, тай жарысы, жорға жарысы, аламан бәйге, «Өгіз палуан» және «Түйе палуан» сынды 2 салмақ нәтижесі бойынша қазақ күресі, сонымен қатар «Қаламқас» ән-би ансамблінің ұйымдастыруымен гала концерт өтті.

Антенна-бағаналық құрылғының құрылыс жұмыстары аяқталып, ауылымыз Билайн ұялы байланысының 4G интернетімен қамтамасыз етілді.

Ұзындығы 1,1 шақырым құрайтын Медеу ауылына кіре беріс жол

72 миллион 69 мың 1 жүз теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өтті.

Оразбай қажы мешітіне дейінгі көше жарығы демеушілер көмегімен тартылып, бүгінгі күні толықтай іске қосылды.

3 979 579 теңге қаражатқа Медеу ауылдық округінің бас жоспары дайындалды.

500 000 теңге қаражатқа ауылды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша су насосы сатып алынып, Медеу ауылдық округі әкімінің аппаратына кірістелді.

2024 жылы 2 800 000 теңге қаражатқа Оразбай Аққұлұлы көшесін жарықтандыру жоспарланған болатын, бүгінгі таңда көше жарығын тарту жұмыстары жүргізіліп,

2024 жылдан бастап Медеу ауылдық округінде ФАБ құрылыс жұмыстары басталды.

 

Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Дата публикации
01 июля 2024