Абай облысы Абай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

Абай облысы Абай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының

                                                        ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданы Медеу ауылдық округі шекарасында Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Абай елі» газетінде және Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                       Д. Маратұлы

 

Сайлау комиссиясының

хашысы                                                                                         Т.Қ. Сағынбаев

 

 

 

 

 

Қарауыл ауылы

10 сәуір 2024 жыл

№ 10

Дата публикации
10 апреля 2024