Медеу ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту: құрылыс, абаттандыру және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту

Медеу ауылдық округінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы ауылдық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

2023 жылдың басынан бастап Медеу ауылдық округінде үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

  1. Есенғали Әділбаев пен Тұрағұл Абайұлы көшелерін жарықтандыру, шағын футбол алаңын жарықтандыру жөнделді, істен шыққан шамдар, көшені жарықтандыруды қамтамасыз ететін істен шыққан қосалқы бөлшектер ауыстырылды.
  2. Медеу орта мектебінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында кәсіпкер Аяпбергенов Қымбат Тілеуғалиұлының өз қаражаты есебінен ауылда Оразбай қажы мешіті тұрғызылды.
  3. 1993 жылдың түлектері мектеп ауласындағы мәдени іс-шаралар өтіп жатқан далалық сахнаға 500 мың теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
  4. 2003 жылдың түлектері өз қаражаты есебінен 550 мың теңгеге «Жан жүрегім - Медеу» деген жарық көшедегі жазуды орнатты.
  5. Антенна-бағана құрылғысының құрылыс жұмыстары аяқталды, біздің кент Билайн ұялы байланысының 4G интернетімен қамтамасыз етілген.
  6. Медеу ауылына баратын ұзындығы 1,1 км кіреберіс жол 72 миллион 69 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті.
  7. Оразбай қажы мешітіне дейінгі көшелерді жарықтандыру демеушілер тарапынан тартылып, бүгінгі таңда толығымен іске қосылды.

2024 жылы орындалған жұмыстар:

  1. 2024 жылы 2 800 000 теңге сомасына Оразбай Аққұлұлы көшесін жарықтандыру жоспарланған болатын, бүгінгі таңда ол толығымен іске қосылды.
  2. Медеу ауылдық округінде ФАП құрылысы аяқталды.
  3. Екі пәтерлі 2 тұрғын үй салынып, тұрғындарға кілттер табысталды.

2025 жылы орындалған жұмыстар:

  1. «Медеу ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңғырту» құрылыс жұмыстары басталды
  2. Шағын футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2026 жылы орындалған жұмыстар:

  1. «Медеу ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңғырту» құрылыс жұмыстары аяқталды
  2. Өрт сөндіру бекеті ағымдағы жөндеуден өтті
  3. Кіре беріс жол бойына көше жарығы орнатылды
  4. Нысан Абыз көшесі жарықтандырылды
  5. Жеке кәсіпкер тарапынан жол бойында қызмет көрсететін кафе құрылысы салынып басталды
  6. Жеке кәсіпкер тарапынан мал сою алаңының құрылысы салынады
  7. Мемлекеттік бағдарлама аясында қос пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы басталды .
Дата публикации
19 августа 2026