Медеу ауылдық округінде штаттық режимде жұмыс істейтін 100 орындық ауылдық клуб жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету үшін 3 штат бірлігі бөлінген.
Бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы түрлі мерекелерге арналған 10 мәдени іс-шара өткізілді. Өткізілген іс-шаралар ауылдық клубтың әлеуметтік желілердегі беттерінде тұрақты түрде орналастырылады.
2026 жылы 2006 жылғы мектеп бітіруші түлектерге 20 жыл толуына орай гала концерт ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ауылдық кітапхана бүгінде өз оқырмандарына талаптарға сай қызмет көрсетеді. Ауылдық округ кітапханасында да іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі.
2026 жылы 2006 жылғы мектеп бітіруші түлектерге 20 жыл толуына орай кіші футболдан әр жылғы мектеп түлектері арасында шағын футболдан жарыс өтті.