
Медеу ауылдық округінде биылғы қыстауға 6278 бас ірі қара мал, 8454 бас ұсақ мал, 8346 бас жылқы кірді. Мал ұрлығының алдын алу және болдырмау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Жол бойында орналасқан шаруа қожалықтарында ірі қара малға жарқыраған белгі қою жұмыстары жүргізілді. Мал шаруашылығы кезекпен ұйымдастырылады, себебі биыл малшы табылмады. 15 мамырда осы жолмен малды шығару бойынша бөлек кеңес өтті. Арнайы кесте бойынша жол бойында жайылатын мал арнайы орынға жайылып, мал иелеріне ескертілді.