
Медеу ауылдық округі Абай ауданының батыс бөлігінде 231 552 гектар алаңда орналасқан, оның ішінде елді мекеннің 9 875,4 га жері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым 214 929 га.
Медеу ауылдық округінде 81 аула бар, оның ішінде 62 отбасы, онда 423 адам тұрады. 45 аулада мал ұсталады: қой, ешкі - 836 бас, ірі қара мал - 789 бас, жылқы - 858 бас.
Ауылдық округ бойынша 51 шаруа қожалығы, 2 ЖШС жұмыс істейді. Шаруашылықта қой, ешкі - 7618 бас, ірі қара мал - 5 489 бас, жылқы - 7 488 бас.
Ауылда Медеу орта мектебі, мектеп ішіндегі шағын орталық, медициналық пункт, клуб, кітапхана, шағын футбол алаңы, орталық парк жұмыс істейді. Ауылда азық-түлік өнімдерін сататын 1 дүкен қызмет көрсетеді.