
Медеу ауылдық округінде штаттық режимде жұмыс істейтін 100 орындық ауылдық клуб жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету үшін 3 штат бірлігі бөлінген.
Бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы түрлі мерекелерге арналған 8 мәдени іс-шара өткізілді. Өткізілген іс-шаралар ауылдық клубтың әлеуметтік желілердегі беттерінде тұрақты түрде орналастырылады.
Ауылдық кітапхана бүгінде өз оқырмандарына талаптарға сай қызмет көрсетеді. Ауылдық округ кітапханасында да іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі.