МАҚАНШЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 13 қазанда Мақаншы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері қаралды.
Аумақтық сайлау комиссиясы:
* сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті;
* сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, тиісті тізімдерді жариялау және сайлаушыларды хабардар ету мәселелерін қамтитын сайлау инфрақұрылымының жай-күйін қарады;
* учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекітті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Мақаншы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіреді және заң үстемдігі қағидатына қайшы келеді.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттік органдардың маңызды міндеттерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының бірі – алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, процестерді автоматтандыру және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету адам факторының ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы мен кәсіби жауапкершілігі де ерекше мәнге ие. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңдылық, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды рөл атқарады. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарамауы қажет.
Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылына тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар арасында өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген ынтымақтастық қалыптастыру қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл – қоғамның әрбір мүшесіне қатысты ортақ жауапкершілік. Заң талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу арқылы әр азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесін қоса алады.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері нәтижесінде ғана сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаты берік орнығып, заң үстемдігіне негізделген әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Адалдық, заңдылық және жауапкершілік – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі тірегі.
Даурен КОЙГЕЛЬДИН
Мақаншы ауданы әкімі
1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚСентрасСекьюритизАҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ(Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
2. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
4. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ
· ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
· ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
· басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1]күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.
Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
[1] "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 334-VIII Заңы
2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша 117 712 алушыға жалпы сомасы 30,51 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 788 жас қазақстандыққа 183,65 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 437 қазақстандыққа 102,17 мың АҚШ доллары төленді.
Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 47 584 азаматқа жалпы сомасы шамамен 12,96 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді.
Бұдан басқа, мынадай бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 2 309 алушыға жалпы сомасы 587,56 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 861 азаматқа 220,44 мың АҚШ доллары бағытталды.
Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 74,46 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 226 азамат алды.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.
18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :
- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.
18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.
Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:
- eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".
Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:
- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
- "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша
«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA
https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2026 жылғы қыркүйектің 18 күні сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 11-үй. Абай облысы Бесқарағай ауданының аудандық мәдениет үйі.
Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы».
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарының бүкіл көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі туралы айтып, осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын БЖЗҚ-ның инвестициялық порталы — invest.enpf.kz туралы түсіндіреді.
Негізгі күн тәртібінен бөлек, іс-шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күніне» шақырады!
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы., Әуезов көшесі, 11-үй
Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.
Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».
Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.
Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР
Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ-ға бере алады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Салымшыларға ИПБ-ны таңдау кезінде қолайлы болуы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz интернет-платформасында ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы «Менің төлемдер/аударымдар/ЕЗЖ қайтаруға қатысты өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады.
ИПБ-ға беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды БЖЗҚ-да өңдеу үрдістері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, ИПБ-ға аудару мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, егер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, МЗЖ және/немесе МКЗЖ бойынша жинақтардың бүкіл сомасын аударуға болады.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру салымшыларға ИПБ-лардың көрсеткіштері мен инвестициялық стратегияларын зерделеу негізінде, өздерінің жеке қалауларын ескере отырып, капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы активтерін басқаруға, қолданылатын стратегиясына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізіліміне енгізілген компанияларға ғана рұқсат беріледі.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ИПБ-ларға арнайы талаптар әзірлеген. Атап айтқанда, олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, нарықта және клиенттердің активтерін басқаруда табысты жұмыс тәжірибесі, соңғы бірнеше жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды өтеуге жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс.
Сонымен қатар, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуы, сондай-ақ БЖЗҚ және кастодиан-банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасуы қажет.
Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген. Олар:
«Halyk Global Markets» АҚ 2025 жылғы 30 желтоқсанда БЖЗҚ-ға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ бастамасымен шартты бұзу туралы хабарлады. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды. Компания тізілімнен шығарылған жағдайда, салымшылардың жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтында орналастырылған инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз. Сондай-ақ ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштерін, сонымен бірге ИПБ-ға қатысты реттеуші орган — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар және ықпал ету шаралары туралы ақпаратты (егер олар болған жағдайда) талдау қажет.
ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі.
БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz порталында әртүрлі ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Олардың қатарында: кірістілік, УЕ (зейнетақы активтерінің инвестициялау нәтижесінде өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы, оның бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болады), портфельдің құрылымы және ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері бар.
Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа — салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Осылайша, invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды элементіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға неғұрлым саналы түрде қатысуына және өздерінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.
Сондай-ақ таңдалған ИПБ инвестициялық портфелі бойынша өзекті ақпаратпен БЖЗҚ сайтындағы тиісті бөлімнен (Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару) танысуға болады.
БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ), олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып қала береді.
Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді қаржылық капиталы ретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін азаматтар санының артуы дәлел.
Зейнетақы шоттары мен ондағы жинақтардың өсуі
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 4,08 трлн теңгеге немесе 17,0%-ға өсті.
ЖЗЖ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты өсуі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,11 млн немесе 6,3%-ға көп. Олардың ішінде салымшылардың (алушылардың) 12,80 млн жеке зейнетақы шоты бар. Оның ішінде 11,36 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 786,27 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 462,40 мың шот – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша келіп түскен мәліметтер есепке алынатын 5,97 млн шартты зейнетақы шоты ашылған.
Шоттар мен жинақтар туралы барлық ақпарат ашық әрі азаматтарға тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді. Оны БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке үзінді көшірмеден, сондай-ақ БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінен алуға болады.
Халықтың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін қалай бағалаған жөн?
Азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін бағалау кезінде бірқатар маңызды жайттарды ескеру қажет. МЗЖ есепке алынатын шоттардың жалпы санына (11,36 млн) объективті себептерге байланысты жарналар түспейтін шоттар да кіреді. Оларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:
Сонымен қатар, әр адамның өмірінде зейнетақы жарналары төленуі тиіс табысы болмайтын объективті жағдайлар кездеседі. Оларға мыналар жатады:
Сондықтан халықаралық тәжірибеде халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылуын бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әрі неғұрлым объективті көрсеткіштері ретінде табыс алатын азаматтардың саны және сәйкесінше жыл ішінде кемінде бір жарна түскен белсенді жеке зейнетақы шоттарының саны қарастырылады.
Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай шоттардың саны 7,20 млн-нан 7,34 млн-ға дейін, яғни 150,3 мың шотқа артты. Сәйкесінше, бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі де өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың көлемі 20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен 1,29 трлн теңгеге немесе 6,2%-ға ұлғайды.
Белсенді шоттардың негізгі бөлігі тұрақты еңбек қызметін жүзеге асыратын және МЗЖ-ны жүйелі түрде төлейтін азаматтарға тиесілі. Олардың саны алты ай ішінде 6,77 млн-нан 6,93 млн-ға дейін өсті, ал осы шоттардағы жинақтар 20,10 трлн теңгеден 21,07 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақтылығы мен толықтығы
ЖЗЖ-ға қатысу ұзақтығынан бөлек, жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жарналарды тұрақты әрі толық көлемде төлеу.
Қазақстанда бір жыл ішіндегі МЗЖ төлеудің орташа тұрақтылық көрсеткіші біртіндеп өсіп келеді:
- жалдамалы қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш 2024 жылғы 8,95 жарнадан 2025 жылы 8,98 жарнаға дейін өсті;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 7,36-дан 7,53 жарнаға дейін артты.
Бұл ретте 2025 жылы жалдамалы қызметкерлердің 80%-ы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 64%-ы зейнетақы жарналарын жылына 6-дан 12 ретке дейін аударған.
2025 жылы жарналардың орташа мөлшері жалдамалы қызметкерлер арасында 43 661 теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа жалақы деңгейіндегі табыстан төленетін жарна мөлшерімен үйлеседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында бұл көрсеткіш 23 225 теңге болды, бұл ең төменгі жалақыдан жоғары, алайда медиандық жалақыдан төмен табыстан төленетін жарнаны көрсетеді.
Ұзақ мерзімді динамика да халықты ЖЗЖ-мен қамту деңгейінің және МЗЖ төлеу тәртібінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2015 жылы МЗЖ есепке алынатын белсенді шоттардың саны 6,07 млн болса, 2025 жылы олардың саны 7,20 млн-нан асты. Жарналарды жылына 6-дан 12 ретке дейін төлейтін азаматтардың үлесі 2015 жылғы 71%-дан 2025 жылы 78%-ға дейін өсті. Тиісінше, жарналарды жүйелі түрде емес, яғни жылына 1-ден 5 ретке дейін аударатын азаматтардың үлесі 29%-дан 22%-ға дейін төмендеді.
Зейнетақы жарналарының салымшылар табысының деңгейіне тәуелділігі
Салымшылардың табыс деңгейіне қарай МЗЖ есепке алынатын белсенді жеке шоттардың құрылымында да оң өзгерістер байқалады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай) ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен табыстан жарна төленетін шоттардың үлесі 12%-дан 9%-ға дейін қысқарды. Мұндай шоттардың саны 838,3 мыңнан 652,4 мыңға дейін, яғни 22,2%-ға азайды. Олардың қатарына жұмыс күні толық емес немесе ауысымдық жұмыспен қамтылған салымшылар жатады.
Сонымен бірге жоғары мөлшердегі табыстан жарна түсетін шоттардың да саны артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша медиандық жалақыдан орташа айлық жалақыға дейінгі аралықтағы табысы бар белсенді шоттардың үлесі 44%-дан (2025 жылғы 1 қаңтардағы) 45%-ға (2026 жылғы 1 қаңтарда) дейін өсті. Ал мұндай белсенді шоттардың саны 3,17 млн-нан 3,28 млн-ға дейін артты.
Бұл динамика ресми жұмыспен қамту және табыстың өсуін ғана емес, азаматтардың өз табыстарынан жарналарды ашық әрі толық көлемде төлеу арқылы қалыптастыруға ұмтылысын да көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің жүйемен қамтылу деңгейі 91%-ға жетті. Бұл олардың толық дерлік қамтылғанын және зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы белсенділіктерін көрсетеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында қамту деңгейі төменірек. Осыған байланысты халықаралық оң тәжірибені ескере отырып, оларды зейнетақы жүйесіне тарту бойынша кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұл аса маңызды, өйткені базалық зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты. Ал еңбек өтілі БЖЗҚ-ға МЗЖ-ның ай сайын түсуі негізінде айқындалады.
Осылайша, қазіргі жағдайда зейнетақы жинақтарын қалыптастыру зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты қамтамасыз ету тетігі ғана емес, сонымен қатар қоғамның қаржылық мәдениеті мен азаматтардың қаржылық дербестігінің маңызды элементіне айналып келеді.
Азаматтар өз шоттарының жай-күйін үнемі бақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялық кірісті қадағалап, зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте болашақтағы әл-ауқат үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың өздері үшін ортақ міндетке айналуда.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді қаржылық капиталы ретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін азаматтар санының артуы дәлел.
Зейнетақы шоттары мен ондағы жинақтардың өсуі
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 4,08 трлн теңгеге немесе 17,0%-ға өсті.
ЖЗЖ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты өсуі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,11 млн немесе 6,3%-ға көп. Олардың ішінде салымшылардың (алушылардың) 12,80 млн жеке зейнетақы шоты бар. Оның ішінде 11,36 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 786,27 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 462,40 мың шот – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша келіп түскен мәліметтер есепке алынатын 5,97 млн шартты зейнетақы шоты ашылған.
Шоттар мен жинақтар туралы барлық ақпарат ашық әрі азаматтарға тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді. Оны БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке үзінді көшірмеден, сондай-ақ БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінен алуға болады.
Халықтың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін қалай бағалаған жөн?
Азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін бағалау кезінде бірқатар маңызды жайттарды ескеру қажет. МЗЖ есепке алынатын шоттардың жалпы санына (11,36 млн) объективті себептерге байланысты жарналар түспейтін шоттар да кіреді. Оларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:
Сонымен қатар, әр адамның өмірінде зейнетақы жарналары төленуі тиіс табысы болмайтын объективті жағдайлар кездеседі. Оларға мыналар жатады:
Сондықтан халықаралық тәжірибеде халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылуын бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әрі неғұрлым объективті көрсеткіштері ретінде табыс алатын азаматтардың саны және сәйкесінше жыл ішінде кемінде бір жарна түскен белсенді жеке зейнетақы шоттарының саны қарастырылады.
Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай шоттардың саны 7,20 млн-нан 7,34 млн-ға дейін, яғни 150,3 мың шотқа артты. Сәйкесінше, бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі де өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың көлемі 20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен 1,29 трлн теңгеге немесе 6,2%-ға ұлғайды.
Белсенді шоттардың негізгі бөлігі тұрақты еңбек қызметін жүзеге асыратын және МЗЖ-ны жүйелі түрде төлейтін азаматтарға тиесілі. Олардың саны алты ай ішінде 6,77 млн-нан 6,93 млн-ға дейін өсті, ал осы шоттардағы жинақтар 20,10 трлн теңгеден 21,07 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақтылығы мен толықтығы
ЖЗЖ-ға қатысу ұзақтығынан бөлек, жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жарналарды тұрақты әрі толық көлемде төлеу.
Қазақстанда бір жыл ішіндегі МЗЖ төлеудің орташа тұрақтылық көрсеткіші біртіндеп өсіп келеді:
- жалдамалы қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш 2024 жылғы 8,95 жарнадан 2025 жылы 8,98 жарнаға дейін өсті;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 7,36-дан 7,53 жарнаға дейін артты.
Бұл ретте 2025 жылы жалдамалы қызметкерлердің 80%-ы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 64%-ы зейнетақы жарналарын жылына 6-дан 12 ретке дейін аударған.
2025 жылы жарналардың орташа мөлшері жалдамалы қызметкерлер арасында 43 661 теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа жалақы деңгейіндегі табыстан төленетін жарна мөлшерімен үйлеседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында бұл көрсеткіш 23 225 теңге болды, бұл ең төменгі жалақыдан жоғары, алайда медиандық жалақыдан төмен табыстан төленетін жарнаны көрсетеді.
Ұзақ мерзімді динамика да халықты ЖЗЖ-мен қамту деңгейінің және МЗЖ төлеу тәртібінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2015 жылы МЗЖ есепке алынатын белсенді шоттардың саны 6,07 млн болса, 2025 жылы олардың саны 7,20 млн-нан асты. Жарналарды жылына 6-дан 12 ретке дейін төлейтін азаматтардың үлесі 2015 жылғы 71%-дан 2025 жылы 78%-ға дейін өсті. Тиісінше, жарналарды жүйелі түрде емес, яғни жылына 1-ден 5 ретке дейін аударатын азаматтардың үлесі 29%-дан 22%-ға дейін төмендеді.
Зейнетақы жарналарының салымшылар табысының деңгейіне тәуелділігі
Салымшылардың табыс деңгейіне қарай МЗЖ есепке алынатын белсенді жеке шоттардың құрылымында да оң өзгерістер байқалады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай) ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен табыстан жарна төленетін шоттардың үлесі 12%-дан 9%-ға дейін қысқарды. Мұндай шоттардың саны 838,3 мыңнан 652,4 мыңға дейін, яғни 22,2%-ға азайды. Олардың қатарына жұмыс күні толық емес немесе ауысымдық жұмыспен қамтылған салымшылар жатады.
Сонымен бірге жоғары мөлшердегі табыстан жарна түсетін шоттардың да саны артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша медиандық жалақыдан орташа айлық жалақыға дейінгі аралықтағы табысы бар белсенді шоттардың үлесі 44%-дан (2025 жылғы 1 қаңтардағы) 45%-ға (2026 жылғы 1 қаңтарда) дейін өсті. Ал мұндай белсенді шоттардың саны 3,17 млн-нан 3,28 млн-ға дейін артты.
Бұл динамика ресми жұмыспен қамту және табыстың өсуін ғана емес, азаматтардың өз табыстарынан жарналарды ашық әрі толық көлемде төлеу арқылы қалыптастыруға ұмтылысын да көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің жүйемен қамтылу деңгейі 91%-ға жетті. Бұл олардың толық дерлік қамтылғанын және зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы белсенділіктерін көрсетеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында қамту деңгейі төменірек. Осыған байланысты халықаралық оң тәжірибені ескере отырып, оларды зейнетақы жүйесіне тарту бойынша кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұл аса маңызды, өйткені базалық зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты. Ал еңбек өтілі БЖЗҚ-ға МЗЖ-ның ай сайын түсуі негізінде айқындалады.
Осылайша, қазіргі жағдайда зейнетақы жинақтарын қалыптастыру зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты қамтамасыз ету тетігі ғана емес, сонымен қатар қоғамның қаржылық мәдениеті мен азаматтардың қаржылық дербестігінің маңызды элементіне айналып келеді.
Азаматтар өз шоттарының жай-күйін үнемі бақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялық кірісті қадағалап, зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте болашақтағы әл-ауқат үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың өздері үшін ортақ міндетке айналуда.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1)кірістер – 942 248,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 105 319,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 836 929,0 мың теңге;
2)шығындар – 942 248,0 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5)бюджет тапшылығы (профициті) – -0,0мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0мың теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын».
2.Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мақаншы ауданы мәслихатының | ||||||||
| 2026 жылғы ____ ____________ | ||||||||
| № /VI шешіміне | ||||||||
| 1 қосымша | ||||||||
| Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті | ||||||||
| Санаты | Барлық кірістер (мың теңге) |
|||||||
| Сыныбы | ||||||||
| Iшкi сыныбы | ||||||||
| Атауы | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||||
| Кірістер | 942 248,0 | |||||||
| 1 | Салықтық түсімдер | 105 319,0 | ||||||
| 01 | Табыс салығы | 83 021,0 | 83 021,0 | |||||
| 2 | Жеке табыс салығы | 83 021,0 | ||||||
| 04 | Меншiкке салынатын салықтар | 21 234,0 | 16554+1072+3158+450 | |||||
| 1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 3 158,0 | 3158 | |||||
| 3 | Жер салығы | 1 072,0 | 1072 | |||||
| 4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 16 554,0 | 11616 | |||||
| Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық | 54,0 | |||||||
| Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық | 16 500,0 | 16500 | ||||||
| 5 | Бірыңғай жер салығы | 450,0 | 450 | |||||
| 05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 1 064,0 | ||||||
| 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 1 064,0 | 1064 | |||||
| 2 | Салықтық емес түсiмдер | 0,0 | ||||||
| 06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 0,0 | ||||||
| 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 0,0 | ||||||
| 3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | ||||||
| 01 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 0,0 | ||||||
| 1 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 0,0 | ||||||
| 03 | Жердi және материалдық емес активтердi сату | 0,0 | ||||||
| 1 | Жерді сату | 0,0 | ||||||
| Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | |||||||
| 5 | Трансферттер түсімі | 836 929,0 | ||||||
| 02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 836 929,0 | ||||||
| Функционалдық топ | Барлық шығындар (мың теңге) |
|||||||
| Кіші функция | ||||||||
| Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||||||
| Бағдарлама | ||||||||
| Атауы | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
| Шығындар | 942 248,0 | |||||||
| 01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 620 761,0 | ||||||
| 1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 620 761,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 620 761,0 | ||||||
| 001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 56 447,0 | ||||||
| 022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 564 314,0 | ||||||
| 07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 63 598,0 | ||||||
| 3 | Елді-мекендерді көркейту | 63 598,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 63 598,0 | ||||||
| 008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 20 517,0 | 11517+9000 | |||||
| 009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 13 081,0 | 3681 | |||||
| 011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 30 000,0 | 30000 | |||||
| 08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 0,0 | ||||||
| 1 | Мәдениет саласындағы қызмет | 0,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,0 | ||||||
| 006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 0,0 | ||||||
| 12 | Көлiк және коммуникация | 0,0 | ||||||
| 1 | Автомобиль көлiгi | 0,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,0 | ||||||
| 13 | Басқалар | 257 889,0 | ||||||
| 9 | Басқалар | 257 889,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 257 889,0 | ||||||
| 057 | "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 257 889,0 | ||||||
| 14 | Борышқа қызмет көрсету | 0,0 | ||||||
| 1 | Борышқа қызмет көрсету | 0,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,0 | ||||||
| 042 | Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 0,0 | ||||||
| 15 | Трансферттер | 0,0 | ||||||
| 1 | Трансферттер | 0,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,0 | ||||||
| 043 | Бюджеттік алып коюлар | 0,0 | ||||||
| III. Таза бюджеттік кредиттеу | 0,0 | |||||||
| Бюджеттік кредиттер | 0,0 | |||||||
| 5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,0 | ||||||
| 01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,0 | ||||||
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,0 | ||||||
| IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0,0 | |||||||
| Қаржы активтерін сатып алу | 0,0 | |||||||
| Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | |||||||
| V.Бюджет тапшылығы (профициті) | 0,0 | |||||||
| VI.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,0 | |||||||
| Қарыздар түсімі | 0,0 | |||||||
| 7 | Қарыздар түсімдері | 0,0 | ||||||
| 01 | Мемлекеттік ішкі қарыздар | 0,0 | ||||||
| 2 | Қарыз алу келісім-шарттары | 0,0 | ||||||
| 16 | Қарыздарды өтеу | 0,0 | ||||||
| 1 | Қарыздарды өтеу | 0,0 | ||||||
| 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,0 | ||||||
| 054 | Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген нысыналы мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттерді қайтару | 0,0 | ||||||
| 055 | Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару | 0,0 | ||||||
| 056 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу | 0,0 | ||||||
| 8 | Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары | 0,0 | ||||||
| 01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 0,0 | ||||||
| 1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 0,0 | ||||||
| Қабанбай ауылдық округінің әкімі Б.С.Керімқан | ||||||||