Меню

Страницы

Статья

Мақаншы ауданының әкімі Д.Б.Койгельдиннің мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы

Құрметті бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдері!

Қадірменді баспасөз-мәслихатына қатысушылар!

        Мемлекет басшысының 2023 жылдың 28 желтоқсан күнгі № 424 Жарлығымен қайта құрылған  Мақаншы ауданының 2024 жылдың 8 айдың қорытындысына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша ақпарат беруге рұқсат етіңіздер!

       Мақаншы ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы ірі аудандардың бірі.

11 ауылдық округтің 18 елді мекенінде 26 мың 410 мың тұрғыны бар.

Барлық жер көлемі – 1 млн. 137 мың 466 гектарды құрайды.

         02 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

       Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы жолдауы халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген жолдау деп айтуға болады.

       Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асуда.

Ауыл шаруашылығы.

       Аудан экономикасының негізгі саласы ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы  болып табылады.

       Жалпы аудан бойынша  965 шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Шаруа қожалықтың 263 егін шаруашылығымен, 367 мал шаруашылығымен және де 332 қожалық аралас саламен айналысады.

       Ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық тауарының жалпы өнімі 24 млрд. 733 млн.теңге құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 102 %.

Өндірілген ет өнімінің көлемі 5 552,2 тонна,  өткен жылмен салыстырғанды өсімі 110%.

Сауылған сүт көлемі 20 517,6  тонна, өсімі 101 %.

Тауық жұмыртқасы 4 748,3 мың дананы, өсімі 102% .

Аудан бойынша ірі қара мал саны  73 мың 051 бас, өсуі 159%,

оның ішінде: аналық бас 34 мың 197 бас,өсуі 155%

Жылқы 21,683 мың бас, өсу қарқыны 90%

Қой мен ешкі 152,956 мың бас, өсуі 132%

Құс  45,352 мың бас,100% құрады.

Мал өнімділігін, өсім саны мен сапасын арттыруда асыл тұқымды малдың маңыздылығы  жоғары.  Ауданда асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен 213 шаруа қожалық, асыл тұқымды қой шаруашылығымен 43 шаруа қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 26485 бас ( аналық мал 8,5%), асыл тұқымды қойдың саны 6766 бас  ( аналық қой 54,4%) құрайды. Соның ішінде ірі деп саналатын: 5 шаруа қожалық (Бәкей, Сұңқар, Ұлы дала, Кәкен, Мәуліт- Хайыр) ірі қара мал,

 3 шаруа қожалық (Еркін, Шынар, Мұхаметбек) қой шаруашылығы.

Егілген егістік көлемі 64 012,8 мың.га құрайды, оның ішінде:

Дәнді дақылдар 26,263,0  мың.гектар

(Бидай 21948 га орташа түсім 16 центнер гектарына

Арпа 3840 га орташа түсім 15 центнер гектарына

Сұлы 213 га орташа түсім 15 центнер гектарына

Жүгері 262 га орташа түсім 76 центнер гектарына)

Майлы дакылдар 19,867,0 мың.гектар

(Күнбағыс 19867 га орташа түсім 14 центнер гектарына

Сафлор 447 га орташа түсім 12 центнер гектарына

Соя 399 орташа түсім 14 центнер гектарына)

Көкөністер мен бақша тұқымдары 756,3 гектар.

Бакша өнімдері (26,0 гектар орташа түсім 230 центнер гектарына)

Картофель 240,4 гектар(орташа түсім 230 центнер гектарына)

       «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несиелер беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында 2025 жылға  266 млн теңгеге, 33- жоба әзірленіп ұсынылды.

    Ауыл шаруашылығы техникасы мен өзге де құралдар, бойынша ауданымызға ағымдағы жылы–663,0 млн. теңгеге  жаңадан техника мен құралдар алынды атап айтқанда

 ШҚ "Шахмар", ШҚ "Роза", ШҚ "Еламан", ШҚ "Черизат", ШҚ "Аукен", және т.б шаруа қожалықтар.

Бірнеше жылдар бойы шаруа қожалықтардың басты проблемасы – малды сумен қамтамасыз ету болып табылатын. Осы проблеманы шешу мақсатында  ағымдағы жылы Аягөз ауданынан жеке кәсіпкер Нұр жерді бұрғылауға арналған арнайы техникамен келіп, 18 шаруа қожалықтарында құдық қазылып берді.

       Ағымдағы жылы Көктерек және Құрабұта өзеніндегі су тарту торабтары магистралды каналын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалы сметалық құжаттама әзірлеуге      139,4 млн.теңге бөлінді.

    5 елді мекенде 122,5 млн.теңгеге мал қорымдары салынып, қолданысқа берілді.

    Кәсіпкерлік.

Аудан  көлемінде  тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандардың саны- 2337 бірлік.    

Республика бойынша туристтік танымал бағыттардың бірі Алакөл көлі ауданымыздың мақтанашы болып табылады.

Жағалауда 435 кәсіпкерлік нысан, оның ішінде  230 демалыс үйлері (14,6 мың  төсек-орынымен) туристтерге қызмет көрсетеді (52 қоғамдық тамақтану орындары, 54 сауда дүкені, 94 дүңгіршектер, 4 дәріхана және бір автовокзал бар).

Жағалауда қолма қол қызмет көрсету мақсатында медициналық пункт және полиция пункті қызмет атқарады.

Медициналық пунктке жаз айларында 1018 демалушы көмекке жүгінді.

Жағалауда 116 бейнекамерасы  толық орталық полиция пунктіне онлайн режимде қосылып жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта көл жағалауы толықтай бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Жағалауға 1 құтқару посты, 5 мұнара бар. Туристік ассоциациямен бірігіп, кәсіпкерлермен есебінен 10 адамнан тұратын, толық жабдықталған ерікті құтқарушы топ құрылды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында бес жерден су үстіндегі көліктерге міну, түсу орындары белгіленді. Судағы қауіпсіздік тақырыбында жағалауға  2 баннер орнатылды. Ортаңғы коммуналдық жағада барлығы 1000 метр қалқыма (буй) құралдары қойылды. Сонымен қатар 0,5 гектар қайықтарға арналған 2 айып орындары белгіленді (төтенше жағдай басқармасының базасы, комхоздың базасы). Су бетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай департаментінен 4 адам, 2 қайық көл жағалауында жаз бойы қызмет атқарды. Суға батып қайтыс болғандар жоқ.

Жағалауда 12 санитарлы гигиеналық тораптары, 17 қоқыс контейнерлері, арбатта 65 қоқыс жәшіктері бар. 80 мың шаршы метрден асатын жағалаудағы кеңістіктің тазалығын «Мақаншы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  қамтамасыз етеді. Демалыс үйлердің қатты қоқыс қалдықтарын шығару қызметін   «Эко Тазалық» ЖШС мекемесі  атқарады.

Сонымен қатар бүгінгі күнге Алакөл көлінің жағалауында шешілмеген сұрақтар бар. Солардың бірі өткен жылы әлеуметтік желіде көп көтерілген қоқыс шығару алаңы. Жағалаудан 12 шақырым жерге орналасқан алаңға жаңадан полигон құрылысын салу үшін жобалы сметалық құжаттама дайындау мақсатында мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жарияланды.

Тағы бір қордаланған мәсілі көлдің жағалауындағы электр тапшылығы. Бұл сұрақты шешу мақсатында кезінде Мақаншы- Көктал бағытында 110 линиясы тартылған. Екінші Көктал- Алакөл көлі бағытында әуе линиясы тартылу керек болатын. 2022 жылы жобалы сметалық құжаттама дайындалған, бірақ құрылыстың күрделі болуына байланысты мемлекеттік сараптамадан қайтадан өту қажеттілігі туындап отыр. Қазір ЖСҚ бүгінгі күнгі бағамен қайтадан түзетуден өтіп жатыр, мемлекеттік сараптамадан өткенен кейін республикалық бюджетке өтінім беріледі.

 

Инвестиция және құрылыс

Ағымдағы жылдың 10 айының қортындысы бойынша ауданға 8 млрд. 845 млн.ға инвестиция тартылды.

Ауданға инвесторларды тарту мақсатында бірталай жұмыстар атқарылуда. Мысалы:

Мақаншы ауылында  «DiNur» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жайтөбе май» май тарту заводының құрылысын бастап кетті. Жобаның құны 4,8 млрд.теңге, 100 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің қаулысымен 2 жоба  инвестициялық деп танылып жұмыстар жүргізілуде. Ол Бақты ауылында  көпфункционалды көлікті - логистикалық терминал - «Бақты» трансшекаралық хабын салу, екіншісі Жалаңашкөл стансасында «Құрғақ порт» құрылысы.

Мақаншы ауылында бес қабатты қонақ үйінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге аудандағы шешілмей тұрған проблеманың бірі жанар- жағар майдың жетіспеуінің шешу мақсатында, ауданда Лукойл компаниясы және Петройл жанар- жағар май құю стансияларының құрылысын салу жоспарлануда.

Мақаншы - Жалаңашкөл  жолының бойында Qazaq Oil акционерлік қоғамының жанар- жағар май құю стансасы салынды, 2025 жылдың 1 тоқсанында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Сондай- ақ Мақаншы ауылында 3 дүкен құрылысы жүргізіліп жатыр.

Халықты таза сумен қамту мақсатында 2 елді мекенде 1 млрд 983,3 млн.теңге құрайтын Бекет, Қабанбай ауылдарында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде, қолданысқа беру мерзімі 2025 жылдың қараша айы.  Аудан халқын таза сумен қамтамассыз ету 88%.

178,9 млн.теңгеге 10 ауылдық мекеннің көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына жасалуда.

Инфрақұрылымды дамыту.

       Мақаншы ауданы бойынша 467 шақырым, соның ішінде   республикалық 67,

облыстық 204,

жергілікті маңызы бар 196,

ауыл ішілік 254 шақырым автомобиль жолдары бар.

Есепті жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 елді мекенге (Мақаншы және  Қабанбай ауылдарында) 11,3 шақырым құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

3 елді мекеннің қатынасын қамтамасыз етіп отырған   Мақаншы-Көктерек-Қызылбұлақ 35 шақырым жолға соңғы рет 2018 жылы ағымды жөндеу жұмыстары (ямочные) жүргізілген, жолдың жағдайы сын көтермейді, келесі жылы осы жолдың бір бөлігі    13 шақырымға, сондай-ақ Мақаншы-Көктал 50 шақырым топырақты жол көктем, күз айларында батпақтан мүлде жүру мүмкіндігі болмай қалатын Көктал ауылының 18 шақырым кіре беріс жолына, Алакөл көлінің жағалауында 5 шақырым жолға орташа жол жөндеу жұмыстарына және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 ауылдың көшелерін орташа жол жөндеу жұмыстарына 2025 жылға қаражатқа өтінім берілді.

Абаттандыру

Есепті жылы  ауылдық округтерге (Қызылбұлақ 50 бағана, Қайыңды 60 бағана, Қарабұлақ 128 бағана, Келдімұрат 118 бағана, Бекет, 45 бағана, Қабанбай 226 бағана, Бақты 100 бағана, Мақаншы 351 бағана, Көктерек 30 бағана) барлығы 1108 жарықтандыру бағаналары орнатылып, қазіргі таңда жарық шамдары іске қосылды.

Келесі жылы Мақаншы ауылында 3 саябақ, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауындағы жаңадан сауда жасайтын, балаларға ойнауға арналған жаңадан демалыс орындарын жасау жоспарымызда бар.

Білім саласы. Ауданда  18 мектепте -728  мұғалім қызмет атқарады.

1-11 сыныпта 4664 оқушы,  мектепалды даярлық тобында 1079 бала білім алуда.

12 балабақшада 510 бала,  мектептегі  шағын орталықтарда  569 бала тәрбиеленуде.

Білім беру мекемелері толық бейнебақылау камераларымен қамтылған,  камера саны  530 дана.

       Интернет желісімен 18 мектеп толық қамтылған.

       Ағымдағы жылы 5 мектепке (Қаратұма ОМ, Найманбай ОМ, Майлин ОМ, Қарабұлақ ОМ, Б.Жүнісов ОМ) 6 пән кабинеттеріне қаржы бөлініп, 4 кабинет жеткізілді.

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мақсатында бюджеттен 228 млн 798 мың теңге қарастырылған, 2759 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

       Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан  2299 оқушы 99 млн 873 мың теңгеге тегін мектеп формасы қамтамасыз етілді.

 Балабақша кезегінде 462 бала тіркелген.

       Мақаншы ауылындағы құны 921,6 млн.теңге болатын 140 орындық бала бақшасының құрылысы 2025 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға беріледі.

       Бүгінгі таңда, балабақша тапшылығы шешу мақсатында  Қаратұма ауылындағы мектеп-бақшасының сиымдылығын санитарлық талаптарға сәйкес 40 баладан 50 балаға дейін кеңейту жұмыстары, сонымен қатар Мақаншы ауылындағы шекара басқармасының ескі балабақша ғимаратын аудандық білім бөлімінің теңгеріміне қойып, алдағы уақытта жекеменшік мемлекеттік серіктестік арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырған жәрмеңкелерде 4 млн 513 мыңға жуық қаражатқа 449 астам оқушыға оқу-құралдары сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласы.

Аудан тұрғындарына 18 медициналық нысандар:

1  клиникалық-диагностикалық аурухана;

9 ауылдық дәрігерлік амбулатория;

3 фельдшерлік акушерлік пункттер;

6 медициналық пунктер;

8 клиникалық бөлімдер қызмет көрсетеді.

Мақаншы ауданы бойынша 2024 жылдың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ (2023 жылмен салыстырғанда):  туу көрсеткіші 12,1%-ға артты, өлу көрсеткіші – 1,4 %-ға төмендеді, халықтың ауру көрсеткіші – 1,8 %-ға азайды. Ана мен сәби өлімі тіркелген жоқ.

Аудан халқын сапалы және заманауи медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жолында жасалып жатқан жұмыстардың легі айтарлықтай. Соның бірі – ағымдағы жылы көп жылдар бойы шешімін таппай тұрған «Мақаншы ауылында күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория» ғимаратының құрылыс жұмыстарының жандануы. Аталмыш жобаға 2 млрд 276  млн.теңге бөлінді. Нысанды қолданысқа беру  2025 жылдың 1 мамырына жоспарлануда.

Халық игілігіне қызмет ететін медициналық нысандар құрылысы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту Ұлттық жобасы» аясында жалғасын табуда. Олардың қатарында 8 елді мекенде жаңадан 2 млрд. 164 млн.теңгеге  дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы (инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарымен) бой көтерді:

-      Келдімұрат ауылында ДА;

-      Қызыл-бұлақ ауылында МП;

-      Барлық-Арасан ауылында МП;

-      Көктал ауылында ФАП;

-      Бекет ауылында ФАП;

-      Ақшоқы ауылында ФАП;

-      Қайыңды ауылында МП.

Аталмыш нысандар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілген болады.

Ауданда бұрыннан қалыптасқан халыққа заманауи аппараттар көмегімен сапалы және көпсалалы медициналық қызметтер көрсету, ауыл халқын қалалық ауруханаларға жіберу көрсеткішін азайту, сияқты мәселелерді шешу мақсатында 2024 жылы ауруханамызға алғаш рет 315 млн 155 мың  теңге құрайтын келісімшарт негізінде компьютерлік томография аппараты алынып, ағымдағы айдан бастап қызметін бастау жоспарлануда.

Денсаулық саласын дамытудағы шетін мәселелердің бірі - кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Ауруханамызда бұған дейін кейбір мамандардың дефицит болуы байқалғаны рас. Алайда, биыл біз өз мамандарымыздың қатарын УДЗ дәрігері, кардиолог дәрігер, сондай-ақ, пульмонолог дәрігерлер сияқты жас мамандармен толықтырдық. Мәселен, УДЗ дәрігері жүрек, қан-тамырлар зерттеуін, нәрсетелердің нейросонография зерттеулерін, жүкті әйелдердің скрининг тексерулерін жасайды. 2025 жылға да рентгенолог, реабилитолог және УДЗ дәрігерлері сияқты жас мамандарды қызметке тарту бойынша келісімшарт жұмыстары жүргізілуде.

1976 жылдан бастап ауруханамыздың бас ғимаратына және клинико-диагностикалық поликлиникасы ғимараттарына күрделі жөндеу жумыстары жасалмаған. Қазіргі таңда Абай облысы денсаулық сақтау басқармасына аталмыш нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар тапсырылды. Сонымен қатар, 2016 жылдан бері жөндеуден өтпеген, аурухана қазандығына 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Аурухананың медициналық құрал-жабдықтарға деген қажеттілігін жою мақсатында 2025 жылы жылжымалы рентген, хирургиялық құрал жабдықтар, вакуммэкстрактор, флюрограф аппарат және т.б алу жоспарлануда.

\Әлеуметтік қорғау.

Аудан бойынша 1405 көпбалалы аналар бар, соның ішінде: 269 «Алтын алқа» иегері, 42 «Батыр ана», 12 «Ана даңқы» иегері, 786 - 4 одан да көп балалы отбасылар бар.

Көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға және егде жастағы қарттарға әлеуметтік көмек көрсету аудан әкімдігінің ұдайы назарында.

28 әлеуметтік қызметкер 89 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге және 70 мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік стандартқа сай әлеуметтік қызмет көрсетеді.

65 отбасының 373 мүшесіне 11  млн 166 мың 447 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;

Әлеуметтік осал топтағы жанұяларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында  құны 840 млн. тенгені жалпы ауданы 4250 шаршы метрді құрайтын 50 пәтер құрылысы жүргізіліп, аяқталған пәтерлер жанұяларға табысталуда. Қазіргі таңда Қаратұма ауылынан 6 пәтер кілті жанұяларға табыс етілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында аудан көлеміндегі мүмкінділігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларға 1- наурыз «Алғыс айту күні», 22- наурыз Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында қайрымдылық шаралары ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Алакөл көлінің жағалауында еңбек ардагерлері, соның ішінде әлеуметтік қызмет алушы жалғыз басты қарттар 3 күн тегін демалды. 

Жағдайы төмен мұқтаж отбасылардан шыққан және мүмкінділігі шектеулі 700 балаға Алакөл көлі жағалауында тегін цирк қойылымы ұйымдастырылды.

2021 -2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында зейнет жасына дейінгі жұмыссыздар тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» жобасына 16 адам тіркеліп, жұмысқа орналасты.

Жаңа оқу орындарын бітіріп келген жас мамандар 12 адам әр түрлі мамандақтар бойынша жастар іс-тәжірибесімен жұмыс істеп, тұрақты жұмысқа орналасты.  Аудан  тұрғындарынан мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 3 адам ( нан өнімдерін пісіруге, тігін тігуге, мал шаруашылығын дамытуға) 1 380 000 теңгеден алып, кәсіптерін ашты.

2024 жылдың жоспары бойынша  Мақаншы ауданында  162 адам тұрақты жұмыспен қамтылып,  99,5 пайызы орындалды. Субсидиялық жұмыс орындарына 116 адам орналыстырылды. Оның ішінде: Қоғамдық жұмыс орнына -78 адам, Жастар практикасы-9 адам, Алғашқы жұмыс орны-3 адам, Күміс жас жобасы аясында 28 адам,  кешенді жоспар  бойынша 186 адам жұмыспен қамтылды.

       Көші-қон бағдарламасы аясында 2 жанұя -6 адам көшіп келді. Қандастар-9 жанұя -28 адам. Қысқа мерзімді оқуға 2 адам жолданды.

Мәдениет саласы.

Мақаншы ауданы бойынша   17  мәдени  және шығармашылық  мекемелер халыққа қызмет көрсетуде. Мекемелерде 72 жұмысшы жұмыс атқарады.  Олардың 40 адамы  шығармашылық  топ, 33 адамы қарапайым жұмысшылар.  Сонымен  қатар,  хореографиялық  жанрдағы   «ІНЖУ»  би тобы, «Виа» инструментті тобы, фольклорлық ансамблі жұмыс атқарады. Мақаншы аудандық кітапханаға қарасты  5 кітапхана бар.  Жалпы аудан бойынша кітапхананың қоры  - 69 025 кітап және  мерзімді басылымдарды құрайды.

Абай елінің мәдени тарихында айшықты орыны бар "Інжу -Маржан" ән-би ансамбілін қайта жаңғыртып, "Тәуелсіздік күні" қарсаңында алғашқы мерекелік концерті ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда демеушілерді тарту арқылы аталған шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Спорт.

Тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда барлық спорт түрлері кеңінен дамыған. Әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары жас ұрпаққа жол ашып өнеге көрсетіп жүрген ел-жұрт мақтаныштары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Шалқар Жоламанов, Сағдат Садықов, Думан Әлдиев, Қуаныш Салықбаев, Айбек Атажанов, Ерлан Сләмбаев, Еркебұлан Қосаев, Дархан Өрікбаев т.б. споршыларымыз бар. Сонымен қатар, Қазақ күресінен “Қазақстан барысы-2024” республикалық турнирінің 3-орын иегері Саят Шамшиев атанды. 

Қазіргі таңда ауданымызда жастарға арналған  екі спорт кешені  және  18 спорт залда, 32 жаттықтырушы 800 ден аса баланы әр-түрлі  спорт түрлеріне дайындайды.

«Таза Қазақстан»

Бүгінгі таңда бекітілген медиа жоспарға сәйкес 154 шара өткізілді, оған 41  техника жұмылдырылып,  15 774 адам қатысты. Жалпы акция аясында 414 тонна қоқыс шығарылды, соның ішінде Мақаншы ауылында әкімдік пен кәсіпкерлер бірігіп ауылдың сыртында орналасқан қоқыс төгу алаңында тазалау жұмыстары жасалды. 5 тиегіш, 20 жүк машинасы 2 күн жұмыс атқарды. Қоқыс жиналып, арасынан жол салынып, тас төгілді.

554 дана жас көшет отырғызылды, күзде қосымша 1000 көшет отырғызылады деп жоспарлануда.

«Таза Қазақстан-таза шекара», «Таза Мақаншы»  шаралар туралы 1 230 ақпараттық материал   республикалық, өңірілік, жергілікті БАҚ беттері мен интернет ресурстарында жарияланды.

Аудан көлемінде «Таза - Қазақстан» ресми логотипі белгіленген 21 баннер, 8 лозунг, 2 лед экранға ақпараттар  ораналастырылды. Тұрғындар көп шоғырланған орындарда 4 аудиорубрикалар жарияланды.

Аталған бағыттағы жұмыстар медиа жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жалғасатын болады.

«Туған жерге тағзым»

Аудан тұрғындары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 70 млн.теңгеден асатын сомаға елді мекендерде әртүрлі іс шаралар жасалды. Мысалы Мақаншы ауылында 20 жылдық түлектер көшеге ЛЭД экран орнатса, Найманбаев атындағы орта мектепке акт залына 4 кондиционер,  Мақаншы орта мектебіне «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммедтің демеушілігімен акт залына ЛЭД экранды сыйға тартты, Қайыңды аулынының түлектері қатымхана салып, Бақты ауылының түлектері ауылға кіре берісте Ту тұғырын орнатып, зиратқа баратын жолға тас төгіп жөндесе, Қабанбай ауылында көпбалалы отбасына үй алып берілді. Одан тыс мектептерге құрал жабдықтар, елді мекендердегі парктерге жөндеу жұмыстары, жарықтандыру және т.б. жұмыстар жасалды.

Туған жерге тағзым акциясының аясында Мақаншы ауылының тумасы Талдықорған қаласының Өтенай мәдениет үйінің директоры Тұрсынғали Алмас коллективі  80 адаммен Мақаншы ауылына халыққа тегін шоу концерт қойды.

«Электроэнергия тапшылығы» бойынша:

            Алакөл көл жағалауындағы кәсіпкерлік нысандарды тұрақты түрде электрэнергиясымен қамтамасыз ету үшін «Біріккен энергосервистік компания» АҚ (БЭСК) қызметкерлерімен күшейтілген режимде жұмыс атқарылды. Алакөл көлі жағалауында 145 жеке меншіктегі КТП бар. Кәсіпкерлік объектілер мен жағалаудағы демалыс үйлерінің жыл сайын ұлғаюына байланысты электрмен жабдықтау қажеттілігі де артып келеді. Жұмыс істеп тұрған электр беру желісі Алакөл көлінің жағалауын электрмен жабдықтау қызметтерімен толық және сапалы қамтамасыз ете алмайды, бұл электр қуатының жиі істен шығуына және ажыратылуына әкеледі (былтыр  60-қа жуық  элктр  жарығы  өшті).

     Бұл ретте мәселені шешу үшін келесідей жұмыстар атқарылды:

            2020 жылы Көктал ҚС (қосалқы  станциясынан)  110/35/10 кВ жоғары вольтты "Мақаншы-Көктал" әуе электр желісі және қосалқы станциясы салынып, қолданысқа қабылданған, сметалық құны 2,4 млрд.теңге.

 Нысанды теңгерімге беру мәселесі туындап тұр, себебі қабылдау актісін МСҚБ (ГАСК) (мемлекеттік  саулет  құрылыс  бақылауы) тіркеуге алмай отыр, жоба мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Жобаға тапсырыс беруші «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өскемен қаласы. Жобаны кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы аясында жасатып, «ЭкспертТехСтрой» ЖШС мекемесінде сараптамадан өткізген.

    2023 жылы  "Біріккен энергосервистік компания" АҚ-ы инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы Көктал ҚС-нан (қосалқы станция) Қарабұлақ ҚС-на дейін ӘЖ-35 (әуе  желісі)  кВ Л-72А реконструкциялау орындалды. Зақымдалған тіректер ауыстырылды, өткізу қабілетін арттыру үшін АС-50 сымы ұзындығы 61 км АС-70/11 неғұрлым қуатты сымға ауыстырылды, бұл бұрын орнатылған желімен салыстырғанда беріліс көлемін үш есеге дейін арттырады.

Электр энергиясына деген қажеттілікті толық қанағаттандыру үшін: Бір тізбекті ӘЖ-110 кВ, 110/35/10 кВ Көктал ҚС-нан жобаланатын Алакөл ҚС-на дейін және 35/10 кВ Қабанбай 2 ҚС және 110/35/10 кВ Алакөл ҚС -нан қоршау үшін ӘЖ-35 кВ құрылысын салу" жобасы әзірленген. Жобаға тапсырыс беруші «Объединенная Энергосервисная компания» АҚ ("ОЭСК")  2021 жылғы сараптама қорытындысы бар.

Орталық канализация жүйелерінің жоқтығы:

 "Алакөл көлінің жағалауындағы кәріз ағындары үшін кәріз желілері мен сүзу алаңдарын салу" жобасы жұмыс істеп тұрған демалыс базаларының аумағын қамтымайды, тек ауданы 60 га жаңа учаскеде іске асыру жоспарланған. Мемлекеттік сараптама қорытындысы  2020 жылы алынған, жалпы құны- 2,4 млрд.теңге тазарту құрылыстарының өнімділігі тәулігіне 900 м3.

Осыған байланысты қолданыстағы базалардың аумақтарын қамти отырып жаңа жоба әзірлеу қажеттілігі бар.

2024 жылы маусымдық кезінде жағалауда шамамен 56-ға жуық ассенизаторлық машиналар қызмет атқарды.

Алакөл көлі жағалауында демалушылар көп жиналатын орындарда 164 бірлік бейнебақылау камералары орнатылды. Туристтерге 12 қоғамдық әжетханалар тегін қызмет көрсетіп, қосымша 3 модулдік әжетханалар орнатылды.

Құрметті бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдері!

Қадірменді жиынға қатысушылар!

​Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарапынан берілген нақты тапсырмалар  мен міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта  аудан жұртшылығы береке-бірлік танытып, өз үлестерін қосатындығына кәміл сенемін.

​ Сөз соңында шекаралық аумақта орналасқан ауданымызда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындарға облыс, аудан жаңалықтарын және мемлекет саясатын насихаттау бойынша «Мақаншы айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газеті арқылы  ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Қайта құрылған ауданымызды дамыту жолында, біз халықпен бірлесіп барлық салаларды жаңғыртып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартудағы жасампаз жұмысты бірлесіп жалғастырамыз.

Елімізде бейбітшілік болып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін! Назарларыңызға рахмет

 

Дата публикации
03 июня 2025
Дата обновления
03 июня 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ҚР ОСК қаулылары
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
15 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы