Меню

Страницы

Статья

Экономика

Мақаншы ауданының экономикасы ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда, көлік және логистика салаларының тұрақты дамуына негізделген. Ауданның қолайлы географиялық орналасуы өңіраралық және халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Аудан аумағы арқылы республикалық маңызы бар «Бақты – Таскескен» автомобиль жолы өтеді. Болашақта «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске қосылуы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауданда мал және егін шаруашылығы дамып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс саласы және шағын және орта бизнес экономиканың маңызды секторлары болып табылады.

Ауданда кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және өндірістік әлеуетті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасалуда.

Экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
08 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ҚР ОСК қаулылары
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
15 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы