Меню

Страницы

Статья

Алакөл

Алакөл — Абай облысының ең танымал туристік орындарының бірі. Оның үздік он туристік аймақтың қатарына енуі кездейсоқ жайт емес. Мұнда бір мезетте 13 225 адамды қабылдай алатын 207 демалыс базасы бар. Былтыр бұл үйлерде демалушылар үшін 199 885 төсек-орын берілді. Жалпы, мұндағы демалыс үйлерінің саны жыл санап артып келеді. Мәселен, биылғы жылы тағы да 960 адамға арналған 13 жаңа демалыс базасы жаңадан салынды. Бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда да арта беретіні анық. Себебі көл басында кәсіп ашып, нәпақа тауып жүрген азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.

Бүгінде Алакөлдің жағалауының инфрақұрылымы едәуір дамыған. Көл аумағында қазіргі күні 41 сауда үйі, 83 шағын бутик, 40 қоғамдық асхана, үш дәріхана жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар осыдан біраз уақыт бұрын ашылған туристерге тегін ақпараттық кеңес беру қызметін көрсететін «TOURIST INFO» ақпараттық орталығы бар.

Алакөл аумағында төрт құтқару мұнарасы мен шағын кемелер аялдайтын орындар бар. Киім ауыстыру үшін 15 кабина орнатылып, 11 санитарлық-гигиеналық орын қолданысқа берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы көл жағалауында алаңдар түзетіліп, бөлшек тастар орнатылды, «Турист Инфо» ғимараты мен LED-экран жөндеуден өтіп,  көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Алакөл көлінің аумағын интернет қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар жасалуда.

Дата публикации
07 марта 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ҚР ОСК қаулылары
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
15 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы