Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

Қоғамдық-саяси ахуал.

 Ауданның идеологиялық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуы саласындағы негізгі бағыт қоғамның демократиялық институттарын нығайту, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру, аудан аумағында діни, үкіметтік емес, жастар ұйымдарына қатысты мемлекеттік саясатты жіне т.б дәйекті жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.

Ауданда 1 аудандық, 27 ауылдық ақпараттық топтар құрылып, жұмыс атқаруда. Топ құрамында қоғам қайраткерлері, ауылдың құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, аналар кеңесінің мүшелері, т.б. Мемлекет басшысының саясатын аудандық көлемінде ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Мақаншы айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газеті аптасына бір рет таралады. Республика, облыс жаңалықтары, сондай-ақ атты айдарлар «Берекелі қоғам»,  «Жолдауға қолдау», «Әділетті мемлекет» арқылы ауқымды насихат жұмыстары жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығының базасында әлеуметтік желілерде жүйелі жұмыс жасау үшін SMM бөлімі құрылды. Аудан әкімінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, аудан әкімінің ресми сайтында ауданда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы материалдар жариялануда.

Жастар саясаты:

Жастар ресурстық орталығы 14-35 жас аралығындағы 7615 жалындаған жастармен бірлесе отырып жұмыс атқарады.

Аудан көлемінде 7615 жас бар, оның 4016-і ерлер, 3599-і әйелдер болып табылды.
2024 жылы, жастар орталығы ауданның белсенді  жас кәсіпкерлерімен, еріктілермен, мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен тығыз қарым-қатынаста. Олармен спорттық, ағартушылық, мәдени, волонтерлік бағыттарда жұмыстар атқырылып, Instagram, Facebook, Tik tok, You tube парақшаларында жарияланады.

Сонымен қатар, жастар орталығы ауданымыздағы 11 ауылдық округ мамандарымен тығыз жұмыс атқаруда. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін аудандық 1 және ауылдық 11 жастар кеңестері құрылды.

 

Діни ахуал.

Ауданымыздада 10 ислам мешіті жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым - қатынаста жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда діни ахуал тұрақты.



Дата публикации
23 августа 2024
Дата обновления
23 августа 2024
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
15 октября 2026
25 сентября 2026
«Мақаншы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30-213/VIII «Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы