Мақаншы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерін төмендету туралы

Мақаншы  ауданында  оңайлатылған  декларация  негізінде  арнаулы  салық  режимін  қолдану  кезінде  салық  мөлшерін  төмендету  туралы

         Қазақстан  Республикасының «Қазақстан  Республикасының салық  кодексі»   Кодексінің  726 бабына  және   Қазақстан  Республикасының «Қазақстан  Республикасының  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару»  Заңының 7 бабының  5тармағына  сәйкес,  ШЕШТІ:

  1. Мақаншы ауданында  төлем  көзінен  ұсталатын  салықтарды  қоспағанда,  есепті  салық  кезеңіне  салық  төлеушінің  салықты  дербес  қолдану  арқылы  оңайлатылған  декларация  негізінде  арнайы  салық  режимін  қолданған  кезде   корпоративтік  немесе  жеке  табыс  салығын  есептеу  ставкасы  4 пайыздан  2 пайызға  төмендетілсін.
  2. Осы шешім  2026 жылдың  1-ші  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізіледі  және  ресми  жариялануға  жатады.

 

 

Лауазымы                                                                                   аты-жөні

Дата публикации
25 ноября 2025