Абай облысы Мақаншы ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мақаншы ауданының әкімі Д. Койгельдин
|
|
Мақаншы ауданы әкімдігінің |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Мақаншы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы, директоры мен орынбасары;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) арнаулы әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
4) психолог;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;