Презентован Генеральный план Алаколя

Алакөлдің бас жоспары таныстырылды

Мақаншы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Берік Уәли Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспарының тұжырымдамасымен танысты. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсеновтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алакөл туристік аймағын кешенді дамыту мақсатында арнайы бас жоспар әзірленуде. Қазір көлдің жағасында 300 гектарға жуық жағажай аймағы бар. Жоспар аясында бұл аумақты ұлғайту көзделіп отыр. Жағажайда жүргізілген зерттеу оң жағалау сазды жерде орналасқанын анықтады. Сондықтан сол жағалауды ұзарту жоспарлануда. Жаңа бас жоспарды дайындау барысында Түркия мен Египеттің жағажай инфрақұрылымын дамыту моделі, әлемдік тәжірибе негізге алынады. Стандарттар бойынша судың шетінен 100 метр қашықтықта тек құм жабыны болуы керек. Жобамен танысып, облыс әкімі Бас жоспардың маңыздылығын атап өтіп, Мақаншы ауданының тиісті басқармасы мен әкімдігіне жобаны біртұтас етуді тапсырды. "Алакөлге келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Біз көлдің айналасындағы инфрақұрылымды дамыту және жағажай аумағын кеңейту арқылы туристер үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Біз бас жоспарды әлемдік стандарттарға сүйене отырып әзірлеп жатырмыз", - деді өңір басшысы.

Дата публикации
25 июля 2025