Ақпарат 2024-2025 оқу жылы

Білім

Мақаншы ауылдық округінде «С.Сейфуллин атындағы орта мектеп - бақшасы»КММ жұмыс жасауда, жалпы орын саны 830 оқушыларға арналған, білім алып отырған  бала саны -778, ұстаздар саны – 93,оның ішіндегі –  жоғарғы білімді 86, арнаулы орта біліммен 7, педагог зерттеуші -33, педагог сарапшы -15, педагог модератор- 24. 2024-2025 оқу жылында 1-11 сыныптағы оқушылар саны - 778, мектепалды даярлық тобында - 84 бала, мектеп-балабақшада 2 топта – 25/50 бала, толық мерзімді шағын орталықта -80 бала, сынып саны-23.Балабақшада- 4-тәрбиеші, 3 -тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді. Мектепте асхана жұмыс істеп тұр. Ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны: 2024-2025 оқу жылында – тегін 412 тамақтанып отыр. Бүгінгі күнде 1-11толықтай штаттық режим білім беріліп отыр. 2024-2025 жылы мектепті 52 бала бітіріп шықты, 5 оқушы  алтын белгі; Көшкімбай Қарақат Қанатқызы, Тошанова Дана Мұқтарқызы, Серікова Алтынай Ерболқызы, Тұрсынжанов Ерасыл Ерболұлы, Туашева Зарина Серікқызы  2 оқушы үздік аттестпен аяқтады; Сеилкан  Айкүн Ерланқызы,  Қылышқанова Әдемі Қуанышқызы.  9 сыныпты 14 бала үздік аяқтады.Мектепте жылыжай, көмір қоймасы бар.Мектеп ұжымының психологиялық хал-ахуалы қанағаттанарлық  жағдайда.

Дата публикации
17 июля 2025