Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мақаншы ауданының әкімі Д.Қойгельдин
Мақаншы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «__»______
№ ___қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің) басшысы;
мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі басшының орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшылары (директорлары);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапхана меңгерушісі (басшысы);
мамандар: аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал үйретуші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер, қор сақтаушы.