«Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»

ЖОБА

 

 

 

«Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабын,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына   сәйкес Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ

ҚАБЫЛДАДЫ:

     

  1. Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасы тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 29 006,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 743,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 21 263,0 мың теңге;

2) шығындар – 29  006,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 4 қосымшаға сәйкес Мақаншы ауданы мәслихатының шешімдері күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мақаншы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Б.Биболов

 

Дата публикации
26 мая 2025