Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

       

                                                                                                       ЖОБА                                                                                            

                            

 

                             

                             Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Мақаншы  ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мақаншы ауданы Кабанбай ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 284 859,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 55 023,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 229 836,0 мың теңге;

2) шығындар – 291 457,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  - 6 598,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 598,9      мың теңге;

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 4 қосымшаға сәйкес Мақаншы ауданы мәслихатының шешімдері күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мақаншы ауданы

мәслихатының төрағасы                                                  Б.Биболов

Дата публикации
23 мая 2025