Положение юр.отдел

          Бекітемін

Мақаншы ауданы әкімінің м.а.

___________А.Н. Сарбаева

«_____»  ___________ 2025 жыл

 

 

«Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.
  4. Бөлімге заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік орган аппаратының басшысы не мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның шешімі бойынша оның орынбасарларының бірі жетекшілік етеді.
  5. Бөлім:
  • Аудан әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысынан;
  • Аудан әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманынан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

1) әкімдіктің, аудан әкімі және аппараттың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) ауданның жергілікті атқарушы органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын жинақтайды;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, аппаратта жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастырады;

4) әкімдіктің, аудан әкімінің және әкім аппаратының жобаларын және заңдық сипаттағы басқа да құжаттарын әзірлеуге қатысады;

5) аудан әкімдігі мен аудан әкімі актілерінің жобаларын дайындауға қатысады;

6) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды дайындайды;

7) әкімдіктің, аудан әкімі актілерінің жобалары бойынша сараптаманы жүзеге асырады;

8) әкімдіктің, аудан әкімінің актілеріне жүйелі мониторинг жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша аудан әкіміне, аппарат басшысына талдамалық ақпарат, оның ішінде кемшіліктерді жетілдіру және жою бойынша ұсыныстарды дайындайды;

9) мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда әкімдіктің, аудан әкімінің, әкім аппаратының мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен білдіреді;

10) Мақаншы ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс жүргізеді;

11) прокурорлық ден қою актілерін қарайды;

12) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;

13) әкім аппаратына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді;

14) өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының, әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ауданның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі кез келген, оның ішінде құпия, ақпараттық деректер банктерін пайдаланады;

16) құқықтық мәселелер жөніндегі мемлекеттік органның құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын әзірлейді, сондай-ақ құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерді тартады;

17) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне жарты жылда кемінде бір рет талдау жүргізеді және кінәлі лауазымды тұлғаларды  жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік орган аппаратының басшысына енгізеді;

18) аудан әкімінің, оның орынбасарлары мен әкім аппараты басшысының, әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына кешенді тексерулер жүргізуді ұйымдастырады және қатысады;

19) аппарат басшысының келісімі бойынша әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің қызметкерлерін құқықтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөніндегі іс-шараларды дайындау және іске асыру үшін тартады;

20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

21) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалайды.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. 1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта басшы:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2)  Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

3) өз өкілеттігі шегінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

  1. Бөлім басшысы болмаған кезеңде бөлімнің бас маманы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлім басшылығымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

Аппарат басшысы                                                                             Н. Жақыпбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылғаны: 1 дана;

№1 дана-іске.

Орындаған: С. Казембеков

2025 жылғы «___» мамыр

Тел.: 49049

Дата публикации
12 мая 2025