Мақаншы ауданының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы" бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде көктемгі егістікке және күзгі дала жұмыстарына арналған «Кең Дала» және мал шаруашылығы саласына арналған «Агробизнес» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген пайызбен берілетін несиелер туралы шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлерге арнайы семинар ұйымдастырылып, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен түсіндірме жүргізілді. Семинарға арнайы Абай облысы бойынша «Аграрлық несие корпорация» АҚ филиал директоры Садвакасов Асет Жанибекұлы және несие бөлімінің бас маманы Чукенова Диана Жайықовна түсіндірме жұмысын жүргізді. Семинар барысында шаруашылықтар тарапынан қойылған өзекті мәселелерге жауаптары берілді.