«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, Мақаншы ауданы әкімдігінің 04.10.2024 жылғы № 28 «Мақаншы ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» дербес құрамын бекіту ұсынылып отыр.
Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Комиссия негізгі функциясы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Нақты қызметі қоса беріліп отырған ережеде көрсетілген.
Комисся құрамы қосымша ұсынылған.
Сол сияқты, Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы №29 «Мақаншы ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының» дербес құрамын бекіту ұсынылып отыр.
Комиссия орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Негізгі функциясы экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, экстремизм және терроризм көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру және т.б..
Сонымен қатар, Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы №30 «Мақаншы ауданының әкімдігі жанынан құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының» дербес құрамын мәслихатпен бекіту ұсынылған.
Бұл комиссия құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Мақсаты: құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіру; құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу субъектілерінің қызметінің тиімділігін бағалау; Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын қарау; адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану.