Мақаншы аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Мақаншы аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Мақаншы аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы, Берікболов көшесі 64А
Комиссия төрағасы – Кожаков Нуртолеу Мамытканович,төрағаның орынбасары – Касенов Турарбек Сарсебаевич, хатшысы -Калиев Ерден Кусманияевич, комиссия мүшелері- Садвакасов Даурен Надырбекович, Жаирбаева Дельнат Какуовна, Шармухаметова Клара Калдыбаевна, Нурмухаметова Айнур Токтарбековна
Аумақтық референдум комиссияларының жұмыс уақыты 9.00-18.30
Мақаншы аудандық аумақтық референдум комиссиясы