№442 Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 17-бабының 1-2 тармағының, Қазақстан Ресупбликасының «Қазақстан респуликасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 10) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65- бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 04.10.2024 жылғы «Абай облысы Мақаншы ауданының жер комиссиясы туралы» № 33 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Қаулының қосымшасына сәйкес комиссияның төрағасы ретінде бекітілген Абай облысы Мақаншы аудан әкімінің орынбасары Сарбаева Алия Нурушевна шығарылып, комиссия құрамына Абай облысы Мақаншы аудан әкімінің орынбасары Капчиков Максат Зарыпханович комиссия төрағасы ретінде енгізілсін; комиссияның төрағасының орынбасары ретінде бекітілген «Абай облысы Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысының м.а. Есетова Диляра Серікболқызы шығарылып, комиссия құрамына «Абай облысы Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысының м.а. Назарқұлов Нұрислам Бауыржанұлы комиссия төрағасының орынбасары ретінде енгізілсін; комиссия мүшесі Мақаншы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Зарыпханов Темірхан Мақсатұлы шығарылып,Мақаншы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Алпысбаев Айдын Отанович енгізілсін; комиссия мүшесі Мақаншы ауданы бойынша маслихатының депутаты Мамытханов Дархан Төлегенұлы шығарылып, “Di-Nur AGRO” ЖШС-нің директоры Рамбаев Серик Кабдрахманович енгізілсін; Мақаншы ауданы мәслихатының депутаты Дикамбаев Ерасыл Курманбаевич шығарылып, Мақаншы ауданы мәслихатының депутаты Қанағатов Мұхит Хамитханұлы енгізілсін.
2. Абай облысы Мақаншы ауданы жер комиссиясының өзгертілген құрамы Мақаншы аудандық мәслихатының сессиясына бекітілуге ұсынылсын
3. Абай облысы Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Н.Назарқұлов) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің орынбасары М.Капчиковқа жүктеймін.
Аудан әкімінің м.а А.Сарбаева