Мақаншы ауданы ішкі саясат бөлімінің 2026 жылы атқарған жұмыстары туралы 9 айдың қорытындысы

  1. “Волонтерлік көмек қарт тұрғынға”

 

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында волонтерлік көмек ұйымдастырды. Іс-шара барысында орталықтың белсенді жас еріктілері жалғызбасты қарт тұрғынның үйіне барып, тұрмыстық шаруаларына көмектесіп, үй ауласын ретке келтіруге атсалысты.

Шараның мақсаты – жастар арасында мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын арттыру. Қарт тұрғын еріктілерге алғысын білдіріп, жастарға батасын берді.

 

  1. “Қайырымдылық күніне” орай волонтерлік көмек

 

Қайырымдылық күні қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында азық-түлік себеттері, киім-кешек және тұрмыстық қажеттіліктер жеткізілді.

Еріктілер тізім бойынша әр үйді аралап, қажетті көмекті жеткізіп, балаларға арнайы тәтті сыйлықтар берді. Отбасылар орталық қызметкерлерімен пікірлесіп, мұқтаждықтары анықталды.

Шара әлеуметтік қолдауды күшейтумен қатар, жастардың қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

 

 

  1. «Салауатты қарымқатынас: қызыл жасыл белгілер» тренинг

 

Жастар ресурстық орталығы мен мектеп психологының қатысуымен тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты жастардың салауатты қарым қатынастуралы түсінігін қалыптастырып, өзара құрмет пен сенімнің маңыздылығын түсіндіру.

Салауатты қарым қатынас өзара түсіністік пен сыйластықтан басталады.

 

  1. «Ұлттық домбыра» күні.

 

         Домбыра халқымыздың рухын, тарихын салт дәстүрін ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра.Оның қоңырүні елдің шежіресін шертіп, ұлттық болмысымызды айқындайды.

 

  1. «ТазаҚазақстан» жастар таңдауы.

        

Алакөл жағалауында жастар арасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үгіт насихатжұмыстары жүргізілді. Іс шара барысында таза жағалау ортақ жауапкершілік екені айтылып,қоршаған орнаты қорғау мен табиғатты аялаудың маңызы түсіндірілді. Жастар демалушыларды демалыс маусымында тазалық сақтауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.

 

  1. «Балалардың қауіпсіздігі басты назарда»

 

         Шараның мақсаты балалардың қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын түсіндіру. Іс шара барысында қатысушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылып, танымдық ойындар мен қызықты байқаулар өткізілді.

         Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

        

        

  1. «Бейбітшілікті бірге бейнелейік» көше арт флешмобы өтті.

 

         Маақаншы ауданда жастар арасында «Бейбітшілікті бірге  бейнелейік» арт флешмобы ұйымдастырылды. Іс шара барысында қатысушылар арнайы баннер (ватманға) бейбітшілік, достық,татулық және бірлік тақырыбында суреттер салып, өз шығармашылықтарын паш етті. Әрбір туынды бейбіт өміртің маңызын,қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімнің құндылықтарын айшықтады.

 

  1. «Жастар мен кәсіпкерлік» тақырыбында кездесу.

 

         Жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, бизнес жүргізудің қыр сырын түсіндіру және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпара беру мақсатында «Жастар және кәсіпкерлік» тақырыбында кездесу ұймдастырылды.

 

  1. “Балалар күні”

 

Балалар күніне орай кең ауқымды мерекелік бағдарлама өтті. Сахнада ән, би, ойындар ұйымдастырылып, арнайы аниматорлар шақырылды. Балаларға бет бояу, сурет салу алаңшасы мен спорттық эстафеталар ұйымдастырылды.

Іс-шараға 150-ден астам бала қатысты. Би сайысына қатысқан балаларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.

Мереке балаларға шаттық сыйлап, олардың шығармашылық қабілетін ашуға ықпал етті.

 

  1. “Бұлақ көрсең көзін аш ” акциясы

 

Өзен жағалауын тазарту бойынша экологиялық акцияға өтті. Қатысушылар өзен бойын қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар табиғатты қорғау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға экологиялық мәдениетті сақтау жөнінде парақшалар таратылды.

Акция қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырды.

 

 

  1. «Түнгі рейд» өтті

 

         Мақаншы ауылында түнгі рейд өткізілді. Мақаншы ауылында прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден кейін және қоғамдық орындарда сағат 23:00-ден кейін жүру фактілерін анықтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес 1 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 400-ден астам ақпараттық парақша таратылды.

Іс-шара «Заң және тәртіп» облыстық іс-шаралар апталығы аясында ұйымдастырылды.

 

  1. «ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ»

 

Мақаншы ауданында «Отбасылық құндылықтар және Конституция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Дөңгелек үстел барысында отбасы құндылықтарының маңызы, өзара сыйластық пен жауапкершілік, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері талқыланды.Іс-шараға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, отбасы институтын нығайту бағытындағы маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

  1. ҚАБАНБАЙ АУЫЛЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

26 тамыз күні Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында «Жастар құқық бұзушылыққа қарсы» тақырыбында Legal Talk форматында кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне жағдай жасау, сондай-ақ заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Рахат Шарипович Абдрахманов, Мақаншы ауданы прокуратурасының прокуроры Абылай Амангелдіұлы Бейсембаев, Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің басшысы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айжарық Құбашұлы Абылқасымов, учаскелік полиция инспекторы Ерлан Бауыржанұлы Қалиев, «СОЦК» қоғамдық қоры төрағасының міндетін атқарушы Ахмади Тәңірбергенұлы Бергенев және ауыл жастары қатысты.

Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары және жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастарға нашақорлық, есірткі курьерлігі мен дропперлік, интернеттегі құқық бұзушылықтар және тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қауіптер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан құқықтық тұрғыда жауаптар алды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың маңызды қадамы. Осыған орай, кездесуде қиын немесе даулы жағдайға тап болған кезде тиісті мамандардан құқықтық көмекке жүгінудің маңыздылығы да атап өтілді.

 

  1. НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ!

Жастар арасында нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жастарға есірткі заттарының адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырылды.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді өткізудің және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.

Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!

 

  1. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Өрттің алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Мақаншы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Мақаншы ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында тұрғындарға пештерді, жылыту құрылғыларын және электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ тұрғын үй мен мүлікке үлкен қауіп төндіретіні түсіндірілді.    

Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 нөміріне хабарласыңыз!

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!

 

  1. «Өнегелі ұрпақ» акиясы

«Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында мектеп оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі бастама барысында білім алушыларға қажетті оқу құралдары табысталып, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсетілді.Осындай жанашырлық пен қамқорлық – өскелең ұрпаққа көрсетілген үлкен қолдау. Қайырымдылық арқылы мейірімділік, адамгершілік және өзара көмек құндылықтары дәріптелді.                           Жақсылық жасау – баршаға ортақ міндет!

 

  1. Отбасы – береке мен бірліктің бастауы! эстафеталық жарыс.

Отбасы күніне орай отбасы мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр отбасы жеңіске деген жігері мен белсенділігін танытып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастырды.

Іс-шара отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне, өзара қолдау мен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.

 

Бірлік бар жерде – береке бар!

Отбасы – қоғамның берік тірегі!

Дата публикации
22 сентября 2026