2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жердің болуы және оның санаттар, жер иелері, жер пайдаланушылар мен жер түрлері бойынша бөлінісі туралы есеп.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 25 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті әзірлеген жер балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, кадастрлық деректерді нақтылау және жаңарту мақсатында Абай облысы Мақаншы ауданының Жер қатынастары бөлімі ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыс жерлерінің болуы, саны және сапалық жай-күйі мен пайдаланылуы туралы есеп жасады, оған алқаптар алаңдарының болуы және болған өзгерістері, олардың санаттар, меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша бөлінуі, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу жөніндегі басқа да мәліметтер туралы ақпарат енгізілді.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Абай облысы Мақаншы ауданының аумағы 1 135 176 га құрайды.

Абай облысы Мақаншы ауданының жер қорын жер санаттары бойынша бөлу

 

№ р/с

Жер санаттары

Алаңы, га

 

1

 

 

 

 

2.

3.

4.

 

5.

6.

7.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

оның ішінде

-          азаматтардың жерлері

-          ұйымдардың жерлері

 

Елді мекендердің жерлері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс

және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

Орман қорының жерлері

Су қорының жерлері

Босалқы жерлер

 

476 015,9

 

459 100,8

16 915,1

 

96 557

2 197,2

 

90 634,5

0

0

469 771,4

 

БАРЛЫҒЫ жерлер

1 135 176

 

Облыс шекарасы шегінде басқа облыс пайдаланатын жерлер (Жетісу облысы Абай облысы Мақаншы ауданының жерлерін пайдаланады)

2290

 

АУДАННЫҢ АУМАҒЫ

1 137 466

 

          2025 жылы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің алаңы 2024 жылмен салыстырғанда 1667,6 га азайды.

         

2025 жылы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің алаңы 476 015,9 га, оның ішінде алқаптар бойынша:

  • егістік – 64492,0 га;
  • тыңайған жер – 6860,7 га;
  • шабындық – 13031,1 га;
  • жайылым – 367441,3 га.

 

         Шаруа қожалықтарының жерлері – 451999,4 га құрады

         Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын ұйымдардың жерлері – 16915,1 га құрады.

 

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер пайдаланушылардың саны 962 құрайды, оның ішінде:

  • шаруа қожалықтары – 954;
  • шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар – 4;
  • мемлекеттік ауыл шаруашылығы – 1;
  • ғылыми-зерттеу және оқу мекемелері мен орындары – 3;

 

         Өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер 2197,2 га құрады.

         Ағымдағы жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің алаңы – 90634,5 га құрады.

 

 

         Есепті жылы босалқы жерлер – 4669771,4 га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына тартуға жарамды ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері – 423452,2 га құрады, оның ішінде алқаптар бойынша:

  • көпжылдық екпелер – 153 га
  • тыңайған жер – 153 га;
  • шабындық – 15783,7 га;
  • жайылым – 407362,5 га.

 

      

Бүлінген жерлерді рекультивациялау жүргізілген жоқ.

 

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың суармалы жерлерінің жалпы алаңы 12380,4 га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 11823,4 га бекітілген (ауданның шаруа қожалықтарына 9812,6 га, ұйымдарда 2010,8 га), елді мекен жерлері 557 га.

Лимандық суару жерлері де азайып, 1800 га құрайды.

 

«Абай облысы Мақаншы ауданының

Жер қатынастары бөлімі» ММ

басшысы                                    

Дата публикации
22 сентября 2026