ҚР НҚА эталондық бақылау банкі электрондық түрде, 09.04.2026
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38247 болып тіркелді
ЗҚАИ ескертпесі!
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "цифрлық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызмет алушы (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттік бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қызмет берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жібереді.
Өтініште көрсетілген деректерге сәйкес, қызмет беруші еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы қажетті мәліметтерді сұратады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде, қызмет алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Мемлекеттік корпорация цифрлық жүйе арқылы өтінішті қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын қызмет берушіге жібереді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік корпорациядан не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасы қабылданған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
14-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қызмет беруші өтініш түскен күннен бастап осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған деректерді қарауды жүзеге асырады.
Қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) қызмет берушінің орындаушысы өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне – 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қызмет алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, отбасының кірістерін растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), отбасы құрамын, жұмыс орнынан анықтаманы не жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтаманы (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алименттер туралы мәліметтерді, банк шотын, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттарды, коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттарды, телекоммуникациялар қызметтері үшін түбіртек-шотты немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорында жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған шотты сәйкестігіне тексереді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы құрамы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес айқындалады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қызмет беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
17. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган қызмет берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 "Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою және тұрғын үй беру қағи