Ақпарат 2026-2027 оқу жылы

Мақаншы ауданында 18 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 4569 бала білім алуда, оның ішінде орыс тілінде оқитыны- 368 (11 шағын жинақты мектепте 1059 бала). Биыл 4505 бала мектепке барады, оның ішінде 420 бала бірінші сыныпқа қабылданады. 11-сыныпқа 346 оқушы көшті. Өткен оқу жылында 354 оқушы мектеп бітірді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда1306 бала-4 балабақшада 265(2 мемлекеттік б/б 175 бала, 2 жекеменшік б/б 90 бала), 11 мектеп жанындағы балабақшада 471, шағын орталықта 570 бала тәрбиеленеді.

2 қосымша білім беру ұйымында(Балалар музыка мектебі және Балалар шығармашылық үйі) 280 бала, 24 педагог (Музыка мектебі-120, педагог саны-19, Шығармашылық үйі-160, 5 педагог).

Ауданда 684 педагог қызмет етеді, оның ішінде магистр дәрежесінде-57, жоғары білімді-590, арнаулы орта-37. «Педагог-сарапшы» -172, «педагог- зерттеуші»-181.Ауданда барлық мектептер техникалық мүмкіндіктеріне қарай кеңжолақты интернетке  қосылған  (11 мектеп «Старлинк» спутниктік жобасы бойынша, қалған 7 мектеп «Қазақтелеком»).Интернет-провайдерлердің техникалық мүмкіндіктері үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінгі күнге мектептер интернет желісімен 100% қамтамасыз етілген.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған6 бала (қамқорлықта) бар. Бұл балаларды тәрбиелеу бойынша қамқоршыларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Баланы күтіп-бағу үшін ай сайын қамқоршылар 10 АЕК(айлық есептік көрсеткіш) және120 мың тг жалақы алады.

Дата публикации
14 сентября 2026