
Халықты жұмыспен қамту – азаматтардың еңбек қызметі арқылы табыс табуына, әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және еңбек нарығындағы белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Мақаншы ауданында жұмыспен қамту саласында халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары ұсынылып, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орны және кәсіптік оқыту шаралары жүзеге асырылады. Бұл шаралар аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыруға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.