
Мақаншы ауданы тұрғындарына 21 медициналық нысандар:
1 клиникалық-диагностикалық аурухана;
1 амбулаторлық емхана;
10 ауылдық дәрігерлік амбулатория;
4 фельдшерлік акушерлік пункттер;
5 медициналық пунктер қызмет көрсетеді.
Мақаншы ауданы бойынша 2024 жылдың туу көрсеткіші 228 адам құрады.
2025 жылы барлығы 332 бала туылған. Қалада 199 бала, Ауылда 133 бала туған.
2026 жылы барлығы 199 бала туылды. Қалада 130 бала, Ауылда 69 бала туған.
Мақаншы ауылындағы көп жылдар бойы шешімін таппай тұрған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жалғау үшін 2 млрд 276 млн.теңге бөлініп ағымдағы жылы құрылыс жұмысы аяқталды, қолданысқа беру мерзімі 2025 жылдың 1 мамыр;
Бұл нысан жергілікті тұрғындарға медициналық қызметтерді жақын жерден алуға мүмкіндік береді, ауруларды алдын алу және емдеу процесін жеңілдетеді.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту Ұлттық жобасы аясында 8 елді мекенде (2 млрд. 164 млн.теңгеге дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы (инженерлі коммуникациялық инфрақұрылымдарымен) басталған болатын.
Мақаншы ауданы бойынша жаңадан 8 объект салынды:
Бекет, Көктал, Ақшоқы ауылдарында фельдшерлік акушерлік пункттер ашылды; Қарабұлақ пен Келдімұрат ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды; Қызылбұлақ, Қайыңды және Барлық-Арасан елді мекендереінде медициналық пунктер іске қосылды.
Қолданысқа беру мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айы.
2026 жылға 670 330 517 теңге жөндеу және абаттандыру жұмыстарына бөлінді.