
Мақаншы ауданында 18 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 4569 бала білім алуда, оның ішінде орыс тілінде оқитыны- 368 (11 шағын жинақты мектепте 1059 бала). Биыл 4505 бала мектепке барады, оның ішінде 420 бала бірінші сыныпқа қабылданады. 11-сыныпқа 346 оқушы көшті. Өткен оқу жылында 354 оқушы мектеп бітірді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 1306 бала-4 балабақшада 265(2 мемлекеттік б/б 175 бала, 2 жекеменшік б/б 90 бала), 11 мектеп жанындағы балабақшада 471, шағын орталықта 570 бала тәрбиеленеді.
2 қосымша білім беру ұйымында (Балалар музыка мектебі және Балалар шығармашылық үйі) 280 бала, 24 педагог (Музыка мектебі-120, педагог саны-19, Шығармашылық үйі-160, 5 педагог).
Ауданда 684 педагог қызмет етеді, оның ішінде магистр дәрежесінде-57, жоғары білімді-590, арнаулы орта-37. «Педагог-сарапшы» -172, «педагог- зерттеуші»-181.Ауданда барлық мектептер техникалық мүмкіндіктеріне қарай кеңжолақты интернетке қосылған (11 мектеп «Старлинк» спутниктік жобасы бойынша, қалған 7 мектеп «Қазақтелеком»).Интернет-провайдерлердің техникалық мүмкіндіктері үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінгі күнге мектептер интернет желісімен 100% қамтамасыз етілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу үшін балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметі 2018 жылдан бастап автоматтандырылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 527 бұйрығына сәйкес https://balabaqsha.snation.kz және https://indigo24.kz.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері мектепке дейінгі ұйымдарға орын бөлуге қатыспайды.