
«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай облысындағы Бородулиха ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы Сәрсенбаев Ергелді Қасанбайұлы нысанның құрылыс барысымен танысу мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.
Спорт ғимаратының жалпы сыйымдылығы тәулігіне 45 келушіге есептелген.
Әмбебап спорт залы- баскетбол, волейбол және шағын футбол командалық ойындарына арналған. Сондай-ақ, жобада көрермендерге арналған 200 орындық трибуна, ересектерге арналған жаттығулар мен ашық ауада серуендеуге арналған бассейн қаралған.
Жобалық-сметалық құжаттамада нысанға барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық желілерді қоса қамтиды.
Құрылыстың тапсырыс берушісі– Абай облысының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ.