Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31713 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидалары бекітілді осы Қағидаларға сәйкес "Абай облысының құрылыс басқармасы" ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы
Дата публикации
28 мая 2024