Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2 (екі) мемлекеттік қызмет түрі «Е-Лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіліп, «Мониторинг» және Халыққа қызмет көрсету орталығының автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – «ХҚКО ЫАЖ») арқылы бақылау жасалады.
Аталған ақпараттық жүйелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы деректерді енгізілудің мақсаты халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, қызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады және бұл жұмыстар тиісінше уақытылы жүргізіліп отыр.
Басқарма арқылы көрсетілетін 2 мемлекеттік қызмет түрлерін атап өтсек:
1) Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
2) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;
Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге өтініштерді қабылдау тұрақты қызмет атқаруда және үнемі бақылауда. Қызметті көрсету барысында қиындық тудыратын жағдайлар орын алған жоқ. Аталған қызмет түрлері толықтай автоматтандырылған, қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде беріледі.
2022 жылға және 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында өтінімдер түспеуіне байланысты көрсетілген қызмет саны – 0.