GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

       Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

 

Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің жұмыстары
Аймақтық іс-шаралар туралы хабарландырулар
БАҚ жас сайлаушылар клубы туралы жарияланымдары
19 октября 2026
Азаматтық жауапкершілік мектеп қабырғасынан басталады

2026 жылдың 16 қазанда Курчатов қаласындағы № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес мектеп президентін сайлау өтті. Іс-шараға Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушыларға сайлау процесінің маңызы, дауыс беру тәртібі мен сайлаушы құқықтары түсіндірілді. Оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға, саналы таңдау жасауға және мектептің қоғамдық өміріне араласуға басымдық берілді. Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін, сайлау процесіне қызығушылығын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинары өтті

15 қазан күні Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында оқыту семинары өтті.

Шара 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлау науқанына дайындық жоспары аясында ұйымдастырылды. Семинарға барлық округтік сайлау комиссияларының мүшелері толық қатысып, сайлау заңнамасының талаптарын, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін тереңдетіп оқып-үйренді.

Жиын барысында сайлау науқанын ұйымдастырудың басты кезеңдері, құжаттаманы жүргізу тәртібі және дауыс беру күнін жоғары деңгейде өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.

БАҚ үшін
14 октября 2026
AҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАMА

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде

 

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды және таратуды жүзеге асыра алмайды.

Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мынадай электрондық пошта мекенжайына жолдауға болады: kurchatov.tik@mail.ru 

Абай облысы Курчатов қаласының

аумақтық сайлау комиссиясы

БАҚ үшін
13 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Абай облысы Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша комиссия Абай облысы Курчатов қаласымәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.

Екінші мәселе аясында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

Үшінші мәселе бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған алдағы ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.

 

Абай облысы Курчатов қаласының

                                                                                                                                                                                                 аумақтық сайлау комиссиясы

13 октября 2026
Абай облысында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

     Жеке куәлікті жаңарту, автокөлікті тіркеу, пәтерге меншік құқығын рәсімдеу немесе жүргізуші куәлігін алу – Абай облысының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) көбіне осы қызметтер бойынша жүгінеді. 2026 жылдың сегіз айында өңірдің ХҚКО-лары арқылы шамамен 19 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ең сұранысқа ие бағыттардың бірі – жеке басты куәландыратын құжаттарды беру және ауыстыру. Есепті кезеңде өңір тұрғындарына паспорттар мен жеке куәліктерді беру бойынша шамамен 5,3 мың қызмет көрсетілді. Құжаттар белгіленген жасқа толуына, жеке деректердің өзгеруіне, құжаттың жоғалуына немесе жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты рәсімделіп, ауыстырылады.

Өтініштердің едәуір бөлігі көлік құралдарын тіркеуге қатысты. Сегіз ай ішінде шамамен 4,2 мың автокөлік тіркелді. Сонымен қатар ХҚКО-ларда көлік құралдарын қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қызметтері де көрсетіледі.

Тағы бір сұранысқа ие бағыт – жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша шамамен 2,8 мың қызмет көрсетілді. Бұл рәсім тұрғын үйді және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, сыйға тарту немесе мұраға алу сияқты мәмілелер кезінде қажет.

Жүргізушілерге арналған қызметтер де сұранысқа ие. Сегіз айда шамамен 900 жүргізуші куәлігі берілді. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу бойынша шамамен 400 өтініш тіркелді.

Өтініштердің басым бөлігі Семей қаласына тиесілі. Қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының ішінде №2 ХҚКО ерекше сұранысқа ие. Мұнда тұрғындар ең көп таралған бағыттар бойынша мемлекеттік қызметтерді ала алады.

13 октября 2026
Бірыңғай электрондық кезек талондарын еліміз бойынша брондау

     Цифрландыру жылы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алу сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау бойынша пилоттық жоба 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылып, республика бойынша ХҚКО бөлімдерінде кезең-кезеңімен енгізілді. Қазіргі уақытта пилоттық жобаның кезекті кезеңі басталып, ол қосымша 5 ХҚКО бөлімін қамтиды. Олардың қатарында - Абай облысы Мақаншы ауданының, Ақмола облысы Шортанды және Жақсы аудандарының, Атырау облысы Исатай ауданының, сондай-ақ Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының бөлімдері бар. Жаңа бөлімдерді есепке алғанда, ҚР бойынша пилоттық жоба қатысушыларының жалпы саны 39 фронт-офисті құрайды.

Жаңа жоба шеңберінде азаматтар ХҚКО бөлімдерінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондауы қажет. Брондау барысында өтініш беруші өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдай алады. Қызмет көрсету орталығына келіп, талон алу барысында жүйе өтініш берушінің жеңілдік санатына жататынын автоматты түрде анықтап, оған қызмет көрсетуде басымдық береді.

Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзін-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы, сондай-ақ құжаттандыру желісі бойынша қызметтер бұрынғы тәртіппен, талонды алдын ала брондаусыз жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жаңа бөлімдерді қосу арқылы пилоттық жобаны кеңейтудің соңғы кезеңі жүзеге асырылады. Пилоттық жоба жаңа сервистің азаматтар үшін қолайлылығын және оның практикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

13 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.

AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.

Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.

Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

07 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.        

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)  қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге  болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.     

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.    

 Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады.

Төлемдер мен аударымдар

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд теңгені құрады.   

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.      

2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды.

 ЖЗШ саны

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  6,14 млн бірлік. 

            Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

01 октября 2026
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгерді

    2026 жылғы 1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін кезекші кесте бойынша 401 орам, 21 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО жұмыс істеген. Енді аталған ХҚКО қалыпты жұмыс режиміне көшеді.

Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Семей тұрғындары ХҚКО-ға бару уақытын алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы брондай алады.

Социальные сети
Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы