
Ағымдағы жылдың 27-30 шілде аралығында Курчатов қалаласының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің қосымша білім оқытушылары жазғы Online демалыс жоспарына сәйкес «Жарқын жаз» қашықтықтағы онлайн-фотоконкурсын өткізді. Қиялы кең балалар кез келген мәселенің креативті әрі жылдам шешімін табатындығы және қойылған мақсатына түрлі жолдармен жетуге тырысатындығы рас. Біреулері суретке әуен болса, енді біреуі фотоөнерге жақын келеді. Байқауға барлық бүлдіршіндер белсене қатысты. Фото суреттерде балалардың жазғы демалыс кезіндегі көңілді және бақытты жүздерін көрдік. Байқаудың мақсаты да осы. Қортынды бойынша Орманбекқызы Әмина, 8 жаста- 1 жүлделі орынға ие болып Республикалық фото және видео байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғысымыз шексіз.