Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасында жүзуден ашық чемпионат

Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасында жүзуден ашық чемпионат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа және дене тəрбиесіне басымдық беру керек екендігін атап өткен болатын. Осыған орай, Курчатов қаласында Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасында жүзуден ашық чемпионат өтті. Ұйымдастырылып отырған спорттық іс-шараның басты мақсаты, мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметшілерді жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту болды. Спорттық жарысқа Абай облысының қалалары мен аудандарының 15 мемлекеттік мекемелерінен 35 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Облыстық шараның қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-орынды Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Чакинов Нурлан Рахимгазыевич, 2-орынды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің қазандық, газ шаруашылықтары объектілерін және қауіпті техникалық құрылғыларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Бейлханов Ердос Маратұлы, 3-орынды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Медетбеков Серік Сәкенұлы жеңіп алды. Әйелдер арасында 1-орынды Абай облысының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мырзагалиева Эльвира Маратовна, 2-орынды Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Котова Наталья Георгиевна, 3-орынды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Шамшина Жанар Кабдыкадыровна иеленді.