
2022 жылғы 14 наурыз күні «Курчатов – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі Ожыков Ернур Жанатбекович қала мектептеріде физикалық күзеттің және бейнебақылау жүйесінің болуы, балалардың сенімді қорғалуына және жұмыс санитарлық тораптарының бар-жоғына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторингқа жалпы мектеп ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысты. №3 мектептен Алесеенко А.Б. №2 мектептен Рахимова А.К. Барысында барлық мектептер физикалық күзетпен қорғалатыны жәнеде мектептердің сырты мен іші қажетті жағдайдайда бейнебақылау камералары жүйесімен қамтамассыз етілгені анықталды. Сонымен бірге бейнебақылау камералары қалалық полиция бөліміндегі жедел басқару орталығына қосылған. Бейне бақылау жазбалары білім беру ұйымдарында қолданылатын сандық портфельдің 79-бұйрығына сәйкес. Барлық мектептердің 1-қабатында серверлік бөлме орналасқан. Дабыл батырмасы да талаптарға сай жасақталған. Мектептер күзетін келісімшартқа сәйкес «ARLAN VOSTOK SECURITY COMPANY» ЖШС жүзеге асырады. Әр мектеп кіреберісінде нысанға келушілердің келіп-кету уақытын белгілейтін тіркеу журналдары бар. Барлық білім беру ұйымдарында жұмыс санитарлық тораптарының бар екенін анықталды.
Нәтижесінде балаларымыздың сенімді қорғалатынына көзіміз жетті.