
Мобильді мониторинг тобы қолданыстағы карантиндік және шектеу ережелердің сақталуын, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын бақылау бойынша жұмысын жалғастыруда. Топқа кәсіпкерлік бөлімінің, құқық қорғау органдарының, қоғамның және кәсіпкерлердің өкілдері кіреді.
Қазан-қараша айларында мобильді топ 26 хаттама жасады.
Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясының көбеюін ескере отырып, біз Курчатов қаласының тұрғындарын медициналық маскалар мен зарарсыздандырғыштар қолдануға, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз.