Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабекұлымен онлайн сұхбат

Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабекұлымен онлайн сұхбат

«...Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн деп, Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел Үкіметіне тапсырма берген еді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.
19 қараша күні Достық үйінің ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Ержан Жұмабекұлымен тікелей онлайн сұхбат ұйымдастырып, өткізді. Сұхбат барысында жеңімпазымызға әртүрлі қызықты да тиімді сұрақтар қойылды. Қонағымыз сұрақтарға белсене жауап беріп, тікелей эфирімізді қызықты өтуіне ат салысты. Осындай тікелей онлайн эфирлер тағы да жалғасын табады.

Достық үйі