Қалада мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін Қалалық мәдениет үйі, Қалалық кітапхана, Достық үйі жұмыс істейді.
2019 жылы мәдениет саласын дамытуға 85 597 мың теңге бөлінді, оның ішінде Қалалық мәдениет үйіне – 59 508 мың теңге, Қалалық кітапханаға – 11 676 мың теңге, Достық үйіне – 14 413 мың теңге.
2019 жылы мәдениет қызметіндегі материалды-техникалық базаны нығайтуға, соның ішінде автобус алуға және кітапхана қорын толықтыруға 14 286,3 мың теңге бөлінді.
Мәдениет мекемелерінің қызметі мемлекеттік және қалалық маңызы бар мерекелік және мерейтойлық күндерді ескеретін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде 45 000 астам адамды қамтыған 240 іс-шара өткізілді.
Қала тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызметті Қалалық кітапхана көрсетеді.
Кітапхананың жалпы қоры 34 870 мың дана, оның ішінде кітап қоры - 31 620 дана кітапты құрайды.
Кітаптарды цифрлық форматқа аудару жұмыстары жалғасуда. «Ирбис» электронды кітап қорына 21 273 кітап енгізілді, бұл 67 % құрайды.
Кітапхана өз қызметінде оқырмандарды тарту, соның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге стационарлық емес үйде қызмет көрсету үшін әр түрлі жұмыс түрлері мен әдістерін пайдаланады.
Жұмыс ересек халықпен, жастармен, қала мектептерінің оқушыларымен де жүргізіледі.
Оқырмандарды қалалық кітапханаға тарту үшін жыл сайын қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер мен журналдарға жазылу жүргізіледі.
Жыл бойы барлық мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының айтулы күдері және халықаралық шаралар көрмелерде, әдеби шолуларда, ақпараттық, конкурстық ойын-сауықтарда, әдеби және басқа да қоғамдық шараларда көрініс тапты.
Концерттік бағдарламаларды мәдениет үйі ұйымдастырады.
2019 жылы шығармашылық ұжымдардың саны – 10, оның ішінде 3 балалар және 7 ересек ұжым. Оларға қатысушылардың саны шамамен 100 адамды құрайды.
Қалалық мәдениет үйінде «Үлгілі» атағы бар «Ақ көгершін» би ұжымы жұмыс істейді.
Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарында әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс істейді: хор, хореографиялық, эстрадалық-вокалдық.
Курчатов қаласына жаңа қойылымдармен облыстық театрлар келеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Семей қаласының Ф. М. Достоевский атындағы мемлекеттік драма театры қала тұрғындарына Клод Маньенің «Блез» комедиясын және балаларға арналған «Жила были Сыроежка» ертегісін, қазан айында Александр Володиннің «Ящерица» драмасын және «Малыш и Карлсон» қойылымын ұсынды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында дәстүрлі қазақтың халық музыкасының орындаушысы Әділ Тұрғанбаевтың және «Ертіс Концерт» мекемесінің «An. Sal. Dar» атты шығармашылық ұжымының концерті өтті, концертте әлем классиктерінің шығармалары, халық әндері және қазіргі заманғы эстрадалық әндер шырқалды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Философия джаза» атты концерті өтті. Концертте Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Виктор Шейкиннің жетекшілігімен джаз орекстрі танымал джаз композиторларының туындыларын көрермендер назарына ұсынды.
2019 жылдың 30 маусымында Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің белсенділері Бесқарағай ауданының Башкөл ауылында өткен «Сабантуй-2019» іс-шарасына қатысты.
14 тамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2019» жобасының жеңімпазы Валентин Игоревич Алифановтың қатысуымен кездесу өтті.
Қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары республикалық, облыстық фестивальдар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Қазақстан Республикасында халықаралық би өнерін дәріптеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, мәдениетаралық өзара қарым-қатынас және бірыңғай көпұлтты мәдени кеңістікті құру мақсатында 2019 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында «Mega Dance» атты III Халықаралық хореографиялық өнер байқау-фестивалі өтті, байқау-фестивальда Зинаида Васильевна Матвиенко жетекшілік ететін «Фантазия» би тобы Курчатов қаласының атынан өнер көрсетіп, конкурс нәтижесі бойынша «Вальс» биі 1-орынды және «Орыс биі» Бас жүлдені иеленді.
2019 жылдың 8-10 ақпан күндері Алматы қаласындағы «Нұрлы жастар» өнер орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылына арналған «Сырым бар жүрегімде» атты балалар шығармашылығының Республикалық байқауы өтті. Байқауға қалалық кітапхананың «Жас толқын» көркем сөз оқу үйірмесінің мүшесі, № 1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мадижана Әсетқызы Мұратова қатысып, кілең жүйріктер қатысқан сөз додасында 1-орынды жеңіп алды.
Достық үйі жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестиваліне белсене қатысады. Ағымдағы жылы «Фантазия» би ұжымы «Сабантуй» татар халық биін ұсынды.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Семей қаласында дәстүрлі қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Асыл мұра» халықаралық байқау-фестивалі өтті. «Русана» этномәдени бірлестігінің белсенділері – «Надежда» вокалдық тобы фестивальдің концерттік бағдарламасының ашылуына қатысты.
2019 жылы 20 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйінің әртістері Глубокое ауданында өткен «Ұлы дала сазы» түркі халықтарының IV – аймақтық музыкалық фестиваліне қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша Тоқтар Жұмаш пен Мейрамбек Өкеннің дуэті 3-орынға ие болды.
Ағымдағы жылдың 1-2 қазанында Шемонаиха ауданында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Асыл әже» облыстық байқауы өтті. Бұл байқауда «Асыл әжелер» вокалдық тобының мүшесі Махмут Самар «Биші әже» номинациясына ие болды.
2 қараша күні Қалалық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК камералық оркестрінің концерті өтті.
2019 жылдың 3 қарашасында Семей қаласында «DANCING OF KAZAKHSTAH» Республикалық хореографиялық өнер фестивалі өтті, фестивальға Курчатов қаласының «Ақ көгершін» үлгілі би ансамблінің кіші тобы қатысып, диплом және І дәрежелі лауреаттар кубогының жеңімпаздары атанды.
Достық үйінде «Атамұра» Қазақ орталығы және 2 этномәдени бірлестік жұмыс істейді: Орыс – «Русана», украин – «Свиточ».
Достық үйі жанында Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, меценаттар клубы, Медиация және жастар лигасы жұмыс істейді.
Курчатов қаласының аумағында 2 тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Қаланың ескерткіштері «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген және коммуналды меншігіне алынған.
Ескерткіштердің жағдайлары қазіргі уақытта қанағаттанарлық. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесімен И.В.Курчатов ескерткішіне қорғау міндеттемесі бекітілді.
2019 жылы өткен жылдары қойылған міндеттерді сәтті орындадық. Бүгінде біздің алдымызда болашақта шешілуі тиіс, міндеттер тұр, олар:
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша қоғам санасын одан әрі жаңғырту және Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру.
2020 жылдың атаулы күндеріне арналған қалалық іс-шаралар жоспары бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты жүргізу.
Халықтың барлық топтарына арналған мәдени-бос уақытын ұйымдастыру бағдарламасын жүзеге асыруды арттыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Қалалық мәдениет үйінде қала тұрғындарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына көрсетілетін ақылы қызмет түрін арттыру.