2019 жылдың ақпан айында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Курчатов қаласында қоғамдық кеңес құрылды.
Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі мақсаттары қаланың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұртшылықпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдау және іске асыру процесіне жұртшылықты тарту болып табылады.
Атқарушы органдар басшыларының халық және қоғамдық кеңес алдында жыл сайын есеп беру кестесіне сәйкес қала әкімі мен экономика және қаржы бөлімі басшысының бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру кездесуі өткізіліп тұрады.
Қала әкімі өзінің есептік баяндамасында өткен жылдың қорытындылары мен жаңа жылдың жоспарлары туралы хабардар етеді.
Кездесу соңында қоғамдық кеңес мүшелері қаланы дамытудың алдағы жоспарларына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады.
Қоғамдық кеңес ережеге және жылдық жоспар негізіне сәйкес жұмыс істейді. 2020 жылы ағымдағы жұмыстар қала тұрғындарының өтініштері мен арыздары бойынша тұрақты жүргізіліп тұрды.